Сүре 12 Жүсіп, аят 23 – 24

  1. وَرَاوَدَتْهُ الَّتِي هُوَ فِي بَيْتِهَا عَنْ نَفْسِهِ وَغَلَّقَتِ الْأَبْوَابَ وَقَالَتْ هَيْتَ لَكَ ۚ قَالَ مَعَاذَ اللَّهِ ۖ إِنَّهُ رَبِّي أَحْسَنَ مَثْوَايَ ۖ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الظَّالِمُونَ

    (Бұл Юсыпты жүргіншіден сатып алған, Мысырдың қазына уәзірі Қытпирдің әйелі Зылиха еді. Ол уақытта Мысыр патшасы Уалит ұлы Риян иман келтіреді. Б.Ж.М.К.Р.) Юсып тұрған үйдің әйелі (Зілиха), оның көңлін өзіне тартпақшы болды даесіктерді бекітті: “Қане кел бері!”, - деді. Юсып (Ғ.С.): “Аллаға сиынамын. Ол (ерің) қожайыным, мені жақсы орынға қойды. Шынында залымдар құтылмайды” деді.

    12:23
  2. وَلَقَدْ هَمَّتْ بِهِ ۖ وَهَمَّ بِهَا لَوْلَا أَنْ رَأَىٰ بُرْهَانَ رَبِّهِ ۚ كَذَٰلِكَ لِنَصْرِفَ عَنْهُ السُّوءَ وَالْفَحْشَاءَ ۚ إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُخْلَصِينَ

    Расында әйел одан ой қылды. Егер Раббыңның дәлелін көрмесе, Юсып та одан ой қылған болар еді. Юсыптан жамандық, арсыздықты бұруымыз үшін өстідік. Өйткені, ол ықыласты құлдарымыздан еді.

    12:24

Аударма: Халифа Алтай