Сүре 12 Жүсіп, аят 36 – 41
-
وَدَخَلَ مَعَهُ السِّجْنَ فَتَيَانِ ۖ قَالَ أَحَدُهُمَا إِنِّي أَرَانِي أَعْصِرُ خَمْرًا ۖ وَقَالَ الْآخَرُ إِنِّي أَرَانِي أَحْمِلُ فَوْقَ رَأْسِي خُبْزًا تَأْكُلُ الطَّيْرُ مِنْهُ ۖ نَبِّئْنَا بِتَأْوِيلِهِ ۖ إِنَّا نَرَاكَ مِنَ الْمُحْسِنِينَ
Және де Юсыппен бірге екі жігіт бірге абақтыға кірді. Ол екеуінің бірі: „Мен түсімде арақ сыққанымды көрдім” деді. Екіншісі: „Мен төбеме нан көтеріп жүр екемін. Одан құс жегенін көрдім. Бізге бұл түстердің жоруын айтып бер. Күдіксіз, біз сені жақсылық қылушылардан көреміз” деді.
12:36 -
قَالَ لَا يَأْتِيكُمَا طَعَامٌ تُرْزَقَانِهِ إِلَّا نَبَّأْتُكُمَا بِتَأْوِيلِهِ قَبْلَ أَنْ يَأْتِيَكُمَا ۚ ذَٰلِكُمَا مِمَّا عَلَّمَنِي رَبِّي ۚ إِنِّي تَرَكْتُ مِلَّةَ قَوْمٍ لَا يُؤْمِنُونَ بِاللَّهِ وَهُمْ بِالْآخِرَةِ هُمْ كَافِرُونَ
(Юсып Ғ.С. оларға): „Сендерге көректендірілетін тамақ келмей-ақ екеуіңе түстің жоруын айтып беремін. Бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Шынында Аллаға сенбеген және ақирет күніне сенбеген бір елдің дінін тастадым” деді.
12:37 -
وَاتَّبَعْتُ مِلَّةَ آبَائِي إِبْرَاهِيمَ وَإِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ ۚ مَا كَانَ لَنَا أَنْ نُشْرِكَ بِاللَّهِ مِنْ شَيْءٍ ۚ ذَٰلِكَ مِنْ فَضْلِ اللَّهِ عَلَيْنَا وَعَلَى النَّاسِ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَشْكُرُونَ
„Аталарым, Ыбырайым, Ысқақ және Яғқұп (Ғ.С.) тардың дінін қудым. Біздің Аллаға ешбір шерік қосуымыз тиісті емес. Бұл бізге әрі адам баласына Алланың бір мәрхаметі. Бірақ адамдардың көбісі шүкіршілік қылмайды.”
12:38 -
يَا صَاحِبَيِ السِّجْنِ أَأَرْبَابٌ مُتَفَرِّقُونَ خَيْرٌ أَمِ اللَّهُ الْوَاحِدُ الْقَهَّارُ
„Әй менің абақты жолдастарым! Бөлек-бөлек Раббылар жақсы ма? Немесе әр нәрсеге өктем жалғыз Алла жақсыма?”
12:39 -
مَا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِهِ إِلَّا أَسْمَاءً سَمَّيْتُمُوهَا أَنْتُمْ وَآبَاؤُكُمْ مَا أَنْزَلَ اللَّهُ بِهَا مِنْ سُلْطَانٍ ۚ إِنِ الْحُكْمُ إِلَّا لِلَّهِ ۚ أَمَرَ أَلَّا تَعْبُدُوا إِلَّا إِيَّاهُ ۚ ذَٰلِكَ الدِّينُ الْقَيِّمُ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ
„Сендердің Одан өзге шоқынған нәрселерің, сендер әрі аталарың атаған құр аттар ғана. Ала, оларға табынуға байланысты ешбір дәлел түсірмеген. Үкім Аллаға ғана тән. Ол, өзіне ғана құлшылық қылуларыңды бұйырған. Міне осы, тұп-тура дін. Бірақ адамдардың көбі білмейді”
12:40 -
يَا صَاحِبَيِ السِّجْنِ أَمَّا أَحَدُكُمَا فَيَسْقِي رَبَّهُ خَمْرًا ۖ وَأَمَّا الْآخَرُ فَيُصْلَبُ فَتَأْكُلُ الطَّيْرُ مِنْ رَأْسِهِ ۚ قُضِيَ الْأَمْرُ الَّذِي فِيهِ تَسْتَفْتِيَانِ
„Әй абақты жолдастарым! (Бұл түс көрген екеуінін бірі патшаның сушысы, бірі ашпазы екен.) Біреуің қожайынына арақ ішкізеді. (Бұрынғы жұмысын істейді.) Ал біреуің дереу асылып, басын құс шоқиды. Міне екеуінің жоруын сұрағанг іс бітті.”
12:41
Аударма: Халифа Алтай