Сүре 13 ар-Ра'д (Күннің Күркіреуі)

  1. أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّا نَأْتِي الْأَرْضَ نَنْقُصُهَا مِنْ أَطْرَافِهَا ۚ وَاللَّهُ يَحْكُمُ لَا مُعَقِّبَ لِحُكْمِهِ ۚ وَهُوَ سَرِيعُ الْحِسَابِ

    Олардың жеріне келіп, әр тараптан кеміткенімізді көрмей ме? (Исламның кеңіп, олардың кеміп бара жатқанын. Б.М.Ж.) Үкімді Алла береді. Оның үкімін тойтарушы жоқ. Ол, есепті тез көруші.

    13:41
  2. وَقَدْ مَكَرَ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ فَلِلَّهِ الْمَكْرُ جَمِيعًا ۖ يَعْلَمُ مَا تَكْسِبُ كُلُّ نَفْسٍ ۗ وَسَيَعْلَمُ الْكُفَّارُ لِمَنْ عُقْبَى الدَّارِ

    Расында бұларда, бұлардан бұрыңғылар да мекерлік қылған. Дегенмен барлық шаралар Аллаға тән. Алла (Т.) әркімнің не істегенін біледі. Қарсы болушылар жақында дүниенің соңғының кімдікі екенін біледі.

    13:42
  3. وَيَقُولُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَسْتَ مُرْسَلًا ۚ قُلْ كَفَىٰ بِاللَّهِ شَهِيدًا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ وَمَنْ عِنْدَهُ عِلْمُ الْكِتَابِ

    Қарсы болғандар: “Сен Пайғамбар емессің” дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Мені мен сендердің арамызға куәлік жөнінде Алла және Кітапты білгендер жетік.” де

    13:43

Аударма: Халифа Алтай