Сүре 14 Ібраһим, аят 1 – 4
-
الر ۚ كِتَابٌ أَنْزَلْنَاهُ إِلَيْكَ لِتُخْرِجَ النَّاسَ مِنَ الظُّلُمَاتِ إِلَى النُّورِ بِإِذْنِ رَبِّهِمْ إِلَىٰ صِرَاطِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ
Ұғымын Алла біледі. (Мұхаммед Ғ.С.) бұл Құран адамдарды, Алланың рұқсатымен, қараңғылықтардан жарыққа, сондай-ақ үстем әрі мақтауға лайық Алланың жолына шығаруың үшін біз саған түсірген бір Кітап.
14:1 -
اللَّهِ الَّذِي لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۗ وَوَيْلٌ لِلْكَافِرِينَ مِنْ عَذَابٍ شَدِيدٍ
Ол сондай Алла, көктердегі және жердегі нрселер Онікі. Кәпірлерге болатын қатты азаптан нендей өкініш!
14:2 -
الَّذِينَ يَسْتَحِبُّونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا عَلَى الْآخِرَةِ وَيَصُدُّونَ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ وَيَبْغُونَهَا عِوَجًا ۚ أُولَٰئِكَ فِي ضَلَالٍ بَعِيدٍ
Олар, сондай ақиретке қарағанда, дүние тіршілігін жақсы көреді. Сондай-ақ Алланың жолынан тосып, оның қисаюын қалайды. Осылар, ұзақ қаңғырыста.
14:3 -
وَمَا أَرْسَلْنَا مِنْ رَسُولٍ إِلَّا بِلِسَانِ قَوْمِهِ لِيُبَيِّنَ لَهُمْ ۖ فَيُضِلُّ اللَّهُ مَنْ يَشَاءُ وَيَهْدِي مَنْ يَشَاءُ ۚ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа, адастырады да, кімді қаласа, тура жолға салады. Ол, өте үстем, аса дана. (Жетінші сүренің жүз елу сегізінші аяты бойынша, Мұхаммед (Ғ.С.) бүкіл адам баласына, Алла тарапынан Елші екендігі даусыз. Арап тілінде түскен Құранның әр тілдегі аудармасы уәкілдік етеді. Б.М.Р.Х.)
14:4
Аударма: Халифа Алтай