Сүре 14 Ібраһим, аят 24 – 26

  1. أَلَمْ تَرَ كَيْفَ ضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا كَلِمَةً طَيِّبَةً كَشَجَرَةٍ طَيِّبَةٍ أَصْلُهَا ثَابِتٌ وَفَرْعُهَا فِي السَّمَاءِ

    (Мұхаммед Ғ.С.) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: Көркем сөз, (“Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ” деген сөз. Б.Ж.М.Р.Х.Т.Ж-Қ) тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді.

    14:24
  2. تُؤْتِي أُكُلَهَا كُلَّ حِينٍ بِإِذْنِ رَبِّهَا ۗ وَيَضْرِبُ اللَّهُ الْأَمْثَالَ لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ

    Ол (ағаш) Алланың бұйрығынша, әр уақыт жемісін береді. Алла (Т.) адам баласына насихат алуы үшін мысал келтірді.

    14:25
  3. وَمَثَلُ كَلِمَةٍ خَبِيثَةٍ كَشَجَرَةٍ خَبِيثَةٍ اجْتُثَّتْ مِنْ فَوْقِ الْأَرْضِ مَا لَهَا مِنْ قَرَارٍ

    Ал енді (Аллаға шерік қатылған) жаман сөз, жердің бетінен қопарылған орнықсыз ағаш сияқты.

    14:26

Аударма: Халифа Алтай