Сүре 14 Ібраһим, аят 35 – 39
-
وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ رَبِّ اجْعَلْ هَٰذَا الْبَلَدَ آمِنًا وَاجْنُبْنِي وَبَنِيَّ أَنْ نَعْبُدَ الْأَصْنَامَ
(Мұхаммед Ғ.С) сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): “Раббым! Осы Мекке қаласын бейбіт қыл! Мені және ұлдарымды бұттарға шоқынудан ұзақ қыл!”
14:35 -
رَبِّ إِنَّهُنَّ أَضْلَلْنَ كَثِيرًا مِنَ النَّاسِ ۖ فَمَنْ تَبِعَنِي فَإِنَّهُ مِنِّي ۖ وَمَنْ عَصَانِي فَإِنَّكَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
“раббым олар, адамдардың көбін адастырды. Ал енді біреу маған ерсе, рас ол менен. Тағы біреу маған қарсы келсе онда Сен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдісің”
14:36 -
رَبَّنَا إِنِّي أَسْكَنْتُ مِنْ ذُرِّيَّتِي بِوَادٍ غَيْرِ ذِي زَرْعٍ عِنْدَ بَيْتِكَ الْمُحَرَّمِ رَبَّنَا لِيُقِيمُوا الصَّلَاةَ فَاجْعَلْ أَفْئِدَةً مِنَ النَّاسِ تَهْوِي إِلَيْهِمْ وَارْزُقْهُمْ مِنَ الثَّمَرَاتِ لَعَلَّهُمْ يَشْكُرُونَ
“Раббымыз! Ұрпақтарымның кейбірін егінсіз ойпатқа, құрметті үйің (Қағба)ның жанына орналастырдым. Раббымыз! Олар намазды оқитын болсын! Енді адамдардың көңілін оларға ауатын қыл! Сондай-ақ оларды, жемістермен ризықтандыр! Әрине олар шүкіршілік етер”
14:37 -
رَبَّنَا إِنَّكَ تَعْلَمُ مَا نُخْفِي وَمَا نُعْلِنُ ۗ وَمَا يَخْفَىٰ عَلَى اللَّهِ مِنْ شَيْءٍ فِي الْأَرْضِ وَلَا فِي السَّمَاءِ
“Раббымыз! Күдіксіз, Сен жасырын, әшкерелерімізді білесің. Жердегі, көктегі нәрселер Аллаға жасырын емес”
14:38 -
الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي وَهَبَ لِي عَلَى الْكِبَرِ إِسْمَاعِيلَ وَإِسْحَاقَ ۚ إِنَّ رَبِّي لَسَمِيعُ الدُّعَاءِ
“Барлық мақтау маған қартайған шағымда Ысмайыл мен Ысхақты Берген Аллаға тән. Күдіксіз Раббым тілекті естуші”
14:39
Аударма: Халифа Алтай