Сүре 15 әл-Хижр (Хиджр), аят 51 – 55

  1. وَنَبِّئْهُمْ عَنْ ضَيْفِ إِبْرَاهِيمَ

    Оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның қонақтарының да жайын айт.

    15:51
  2. إِذْ دَخَلُوا عَلَيْهِ فَقَالُوا سَلَامًا قَالَ إِنَّا مِنْكُمْ وَجِلُونَ

    Сол уақытта періштелер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның жанына кіріп: “Сәлем” дегенде, Ыбырайым (Ғ.С.): “Біз сендерден қорқамыз” деді.

    15:52
  3. قَالُوا لَا تَوْجَلْ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَامٍ عَلِيمٍ

    (Періштелер): “Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлменен шүйінілейміз” деді.

    15:53
  4. قَالَ أَبَشَّرْتُمُونِي عَلَىٰ أَنْ مَسَّنِيَ الْكِبَرُ فَبِمَ تُبَشِّرُونَ

    (Ыбырайым Ғ.С.): “Маған кәрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені неліктен шүйіншілейсіңдер?”, - деді.

    15:54
  5. قَالُوا بَشَّرْنَاكَ بِالْحَقِّ فَلَا تَكُنْ مِنَ الْقَانِطِينَ

    (Періштелер): “Біз, сені бір шындықпен шүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!” деді.

    15:55

Аударма: Халифа Алтай