Сүре 15 әл-Хижр (Хиджр), аят 51 – 60

  1. وَنَبِّئْهُمْ عَنْ ضَيْفِ إِبْرَاهِيمَ

    Оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның қонақтарының да жайын айт.

    15:51
  2. إِذْ دَخَلُوا عَلَيْهِ فَقَالُوا سَلَامًا قَالَ إِنَّا مِنْكُمْ وَجِلُونَ

    Сол уақытта періштелер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның жанына кіріп: “Сәлем” дегенде, Ыбырайым (Ғ.С.): “Біз сендерден қорқамыз” деді.

    15:52
  3. قَالُوا لَا تَوْجَلْ إِنَّا نُبَشِّرُكَ بِغُلَامٍ عَلِيمٍ

    (Періштелер): “Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлменен шүйінілейміз” деді.

    15:53
  4. قَالَ أَبَشَّرْتُمُونِي عَلَىٰ أَنْ مَسَّنِيَ الْكِبَرُ فَبِمَ تُبَشِّرُونَ

    (Ыбырайым Ғ.С.): “Маған кәрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені неліктен шүйіншілейсіңдер?”, - деді.

    15:54
  5. قَالُوا بَشَّرْنَاكَ بِالْحَقِّ فَلَا تَكُنْ مِنَ الْقَانِطِينَ

    (Періштелер): “Біз, сені бір шындықпен шүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!” деді.

    15:55
  6. قَالَ وَمَنْ يَقْنَطُ مِنْ رَحْمَةِ رَبِّهِ إِلَّا الضَّالُّونَ

    (Ыбырайым Ғ.С.): “Раббының рахметінен, адасушылардан басқа кім күдер үзеді?”, - деді.

    15:56
  7. قَالَ فَمَا خَطْبُكُمْ أَيُّهَا الْمُرْسَلُونَ

    (Періштелерге): “Әй елшілер! Жұмыстарың не?”, - деді.

    15:57
  8. قَالُوا إِنَّا أُرْسِلْنَا إِلَىٰ قَوْمٍ مُجْرِمِينَ

    (Елшілер): “Расында біз бір қылмысты елге жіберілдік” деді.

    15:58
  9. إِلَّا آلَ لُوطٍ إِنَّا لَمُنَجُّوهُمْ أَجْمَعِينَ

    “Лұт (Ғ.С.) тың ссыбайластарын түгел құтқарамыз”

    15:59
  10. إِلَّا امْرَأَتَهُ قَدَّرْنَا ۙ إِنَّهَا لَمِنَ الْغَابِرِينَ

    “Бірақ, оның жұбайы құтқарылмайды. Өйткені, оны типыл болатындардан болуын ұйғардық”

    15:60

Аударма: Халифа Алтай