Сүре 16 ан-Нахл (Аралар), аят 84 – 89
-
وَيَوْمَ نَبْعَثُ مِنْ كُلِّ أُمَّةٍ شَهِيدًا ثُمَّ لَا يُؤْذَنُ لِلَّذِينَ كَفَرُوا وَلَا هُمْ يُسْتَعْتَبُونَ
Қиямет күні, әр үмметтен бір айғақ жібереміз. Қарсы болғандарға рұхсат берілмейді де олардан жақсылық күтілмейді.
16:84 -
وَإِذَا رَأَى الَّذِينَ ظَلَمُوا الْعَذَابَ فَلَا يُخَفَّفُ عَنْهُمْ وَلَا هُمْ يُنْظَرُونَ
Зұлымдық қылғандар, азапты көргенде, олардан жеңітілмейді де оларға мұрса берілмейді.
16:85 -
وَإِذَا رَأَى الَّذِينَ أَشْرَكُوا شُرَكَاءَهُمْ قَالُوا رَبَّنَا هَٰؤُلَاءِ شُرَكَاؤُنَا الَّذِينَ كُنَّا نَدْعُو مِنْ دُونِكَ ۖ فَأَلْقَوْا إِلَيْهِمُ الْقَوْلَ إِنَّكُمْ لَكَاذِبُونَ
Аллаға шерік қосқандар, қосқан ортақтарын көрген сәтте: “Раббымыз! Сенен өзге сиынған ортақтарымыз осы” дейді. Олар: “Тіпті сендер мүлде өтірікшісіңдер” деп, сөзді оларға тастайды.
16:86 -
وَأَلْقَوْا إِلَى اللَّهِ يَوْمَئِذٍ السَّلَمَ ۖ وَضَلَّ عَنْهُمْ مَا كَانُوا يَفْتَرُونَ
Олар, ол күні Аллаға бой ұсынады. Олардың жасанды тәңірлері олардан ғайып болады.
16:87 -
الَّذِينَ كَفَرُوا وَصَدُّوا عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ زِدْنَاهُمْ عَذَابًا فَوْقَ الْعَذَابِ بِمَا كَانُوا يُفْسِدُونَ
Сондай қарсы болғандарға және Алланың жолынан тосқандарға, бұзықтық қылғандықтары үшін; қинау үстіне қинау арттырамыз.
16:88 -
وَيَوْمَ نَبْعَثُ فِي كُلِّ أُمَّةٍ شَهِيدًا عَلَيْهِمْ مِنْ أَنْفُسِهِمْ ۖ وَجِئْنَا بِكَ شَهِيدًا عَلَىٰ هَٰؤُلَاءِ ۚ وَنَزَّلْنَا عَلَيْكَ الْكِتَابَ تِبْيَانًا لِكُلِّ شَيْءٍ وَهُدًى وَرَحْمَةً وَبُشْرَىٰ لِلْمُسْلِمِينَ
Қиямет күні әр үмметтің ішінде, өздерінен бір айғқ әкелеміз. (Мұхаммед Ғ.С.) сені осы үмметке айғақ қылып келтіреміз. Сондай-ақ саған әр нәрсені ашықтайтын және Мұсылмандар үшін тура жол, игілік әм қуаныш түрінде Құранды түсірдік.
16:89
Аударма: Халифа Алтай