Сүре 17 әл-Исра (Түнгі сапар), аят 26 – 29
-
وَآتِ ذَا الْقُرْبَىٰ حَقَّهُ وَالْمِسْكِينَ وَابْنَ السَّبِيلِ وَلَا تُبَذِّرْ تَبْذِيرًا
Туысы жақындарға, міскіндерге, жолда қалғандарға міндетті түрде қарайласыңдар. Және мүлде ысырап қылмаңдар.
17:26 -
إِنَّ الْمُبَذِّرِينَ كَانُوا إِخْوَانَ الشَّيَاطِينِ ۖ وَكَانَ الشَّيْطَانُ لِرَبِّهِ كَفُورًا
Шынында ысырапқорлар шайтанның туысы. Ал шайтан, Раббыңа өте қарсы.
17:27 -
وَإِمَّا تُعْرِضَنَّ عَنْهُمُ ابْتِغَاءَ رَحْمَةٍ مِنْ رَبِّكَ تَرْجُوهَا فَقُلْ لَهُمْ قَوْلًا مَيْسُورًا
Рабыңның мәрхаметін іздеп, үміт еткен түрде жалтақтасаң , (қола болғандықтан бере алмасаң ,) онда оларға сыпайы сөйле.
17:28 -
وَلَا تَجْعَلْ يَدَكَ مَغْلُولَةً إِلَىٰ عُنُقِكَ وَلَا تَبْسُطْهَا كُلَّ الْبَسْطِ فَتَقْعُدَ مَلُومًا مَحْسُورًا
Қолыңды мүлде мойныңа байлаулы қылма да бүтіндей ашпа. (Өте сараң болма да бір-ақ берме .) Онда сөгіске ұшырап, таршылықта қаласың.
17:29
Аударма: Халифа Алтай