Сүре 17 әл-Исра (Түнгі сапар)

  1. وَقُلْ جَاءَ الْحَقُّ وَزَهَقَ الْبَاطِلُ ۚ إِنَّ الْبَاطِلَ كَانَ زَهُوقًا

    “Хақиқат келді. Негізсіз нәрселер жойылды. Сөзсіз, бекер нәрселер жойылады” де.

    17:81
  2. وَنُنَزِّلُ مِنَ الْقُرْآنِ مَا هُوَ شِفَاءٌ وَرَحْمَةٌ لِلْمُؤْمِنِينَ ۙ وَلَا يَزِيدُ الظَّالِمِينَ إِلَّا خَسَارًا

    Құраннан, мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.

    17:82
  3. وَإِذَا أَنْعَمْنَا عَلَى الْإِنْسَانِ أَعْرَضَ وَنَأَىٰ بِجَانِبِهِ ۖ وَإِذَا مَسَّهُ الشَّرُّ كَانَ يَئُوسًا

    Біз адам баласына нығмет берген кезде, жалтайып, бір жағына қыңырайып алды. Қашан оған бір сәтсіздік жетсе, мүлде күдер үзеді.

    17:83
  4. قُلْ كُلٌّ يَعْمَلُ عَلَىٰ شَاكِلَتِهِ فَرَبُّكُمْ أَعْلَمُ بِمَنْ هُوَ أَهْدَىٰ سَبِيلًا

    (Мұхаммед Ғ.С.): “Әркім өз жөн көргенін істейді. Сонда Раббың, кімнің тура жолда екенін жақсы біледі” де.

    17:84
  5. وَيَسْأَلُونَكَ عَنِ الرُّوحِ ۖ قُلِ الرُّوحُ مِنْ أَمْرِ رَبِّي وَمَا أُوتِيتُمْ مِنَ الْعِلْمِ إِلَّا قَلِيلًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен (рұх) жан туралы сұрайды: “Ол, Раббымның әмірінен. Сендерге өте аз мәлімет берілді” де.

    17:85
  6. وَلَئِنْ شِئْنَا لَنَذْهَبَنَّ بِالَّذِي أَوْحَيْنَا إِلَيْكَ ثُمَّ لَا تَجِدُ لَكَ بِهِ عَلَيْنَا وَكِيلًا

    Әрине қаласақ, саған уахи еткен Құранды алып алар едік. Кейін Бізге қарсы бір жар таба алмас едің.

    17:86
  7. إِلَّا رَحْمَةً مِنْ رَبِّكَ ۚ إِنَّ فَضْلَهُ كَانَ عَلَيْكَ كَبِيرًا

    Бірақ Раббыңның мәрхаметі бойынша қалдырдық. Өйткені, саған, Раббыңның кеңшілігі тым зор.

    17:87
  8. قُلْ لَئِنِ اجْتَمَعَتِ الْإِنْسُ وَالْجِنُّ عَلَىٰ أَنْ يَأْتُوا بِمِثْلِ هَٰذَا الْقُرْآنِ لَا يَأْتُونَ بِمِثْلِهِ وَلَوْ كَانَ بَعْضُهُمْ لِبَعْضٍ ظَهِيرًا

    (Мұхаммед Ғ.С.): “Егер адамдар, жындар осы Құранның ұқсасын келтіруге жиналса, тіпті олар, бір-біріне көмекші болса да келтіре алмайды” де.

    17:88
  9. وَلَقَدْ صَرَّفْنَا لِلنَّاسِ فِي هَٰذَا الْقُرْآنِ مِنْ كُلِّ مَثَلٍ فَأَبَىٰ أَكْثَرُ النَّاسِ إِلَّا كُفُورًا

    Расында Біз бұл Құранда адам баласы үшін әр нәрсенің мысалын ашалап, баян еттік. Сонда да адамдардың көбі, бас тартып, мүлде қарсы келді.

    17:89
  10. وَقَالُوا لَنْ نُؤْمِنَ لَكَ حَتَّىٰ تَفْجُرَ لَنَا مِنَ الْأَرْضِ يَنْبُوعًا

    Олар: “Бұл жерден сен бізге, бастау ағызғанға дейін саған әсте сенбейміз” деді.

    17:90
  11. أَوْ تَكُونَ لَكَ جَنَّةٌ مِنْ نَخِيلٍ وَعِنَبٍ فَتُفَجِّرَ الْأَنْهَارَ خِلَالَهَا تَفْجِيرًا

    “Немесе сенің құрмадан, жүзімнен бір бақшаң болсын. Сонда оның араларынан өзендер ағызып қоярсың”

    17:91
  12. أَوْ تُسْقِطَ السَّمَاءَ كَمَا زَعَمْتَ عَلَيْنَا كِسَفًا أَوْ تَأْتِيَ بِاللَّهِ وَالْمَلَائِكَةِ قَبِيلًا

    “Не ойлағаныңдай аспанды үстімізге кесек түрінде түсірерсің. Яки Алланы, періштелерді бетпе-бет келтірерсі.”

    17:92
  13. أَوْ يَكُونَ لَكَ بَيْتٌ مِنْ زُخْرُفٍ أَوْ تَرْقَىٰ فِي السَّمَاءِ وَلَنْ نُؤْمِنَ لِرُقِيِّكَ حَتَّىٰ تُنَزِّلَ عَلَيْنَا كِتَابًا نَقْرَؤُهُ ۗ قُلْ سُبْحَانَ رَبِّي هَلْ كُنْتُ إِلَّا بَشَرًا رَسُولًا

    “Не болмаса, алтыннан бір үйің болсын. Яки аспанға шығарсың. Сонда да бізге оқитын бір Кітап түсірмейінше, көкке шыққандығыңа әсте сенбейміз” деді. (Мұхаммед Ғ.С.): “Раббымды пәктеймін! Мен бір адам баласы Пайғамбар ғанамын.” де.

    17:93
  14. وَمَا مَنَعَ النَّاسَ أَنْ يُؤْمِنُوا إِذْ جَاءَهُمُ الْهُدَىٰ إِلَّا أَنْ قَالُوا أَبَعَثَ اللَّهُ بَشَرًا رَسُولًا

    Адам баласына; Пайғамбар, тура жол (Құран) келтірген кезде, олардың: “Алла; адамды, пайғамбар қылып, жіберді ме?”, - деген сөздері ғана иман келтірулеріне бөгент болды.

    17:94
  15. قُلْ لَوْ كَانَ فِي الْأَرْضِ مَلَائِكَةٌ يَمْشُونَ مُطْمَئِنِّينَ لَنَزَّلْنَا عَلَيْهِمْ مِنَ السَّمَاءِ مَلَكًا رَسُولًا

    (Мұхаммед Ғ.С.): “Егер жер жүзінде бейбіт жүргендер, періштелер болса еді, әрине оларға көктен періште елші жіберер едік” дегенді, айт.

    17:95
  16. قُلْ كَفَىٰ بِاللَّهِ شَهِيدًا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ ۚ إِنَّهُ كَانَ بِعِبَادِهِ خَبِيرًا بَصِيرًا

    Оларға: “Алла сендер мен менің арамда куәлік тұрғысынан жетіп асады. Шын мәнінде Ол, құлдарынан толық хабар алушы, аса қырағы” де.

    17:96
  17. وَمَنْ يَهْدِ اللَّهُ فَهُوَ الْمُهْتَدِ ۖ وَمَنْ يُضْلِلْ فَلَنْ تَجِدَ لَهُمْ أَوْلِيَاءَ مِنْ دُونِهِ ۖ وَنَحْشُرُهُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ عَلَىٰ وُجُوهِهِمْ عُمْيًا وَبُكْمًا وَصُمًّا ۖ مَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ ۖ كُلَّمَا خَبَتْ زِدْنَاهُمْ سَعِيرًا

    Алла кімді оңғарса, сонда ол тура жолда. Алла кімді адастырса, оған Алладан өзге жәрдемші таба алмайсың. Біз оларды қиямет күні, бетімен жер басқан, сақау және саңырау түрде жинаймыз. Орындары тозақ, толастаған сайыноларға жалынын арттыра түсеміз.

    17:97
  18. ذَٰلِكَ جَزَاؤُهُمْ بِأَنَّهُمْ كَفَرُوا بِآيَاتِنَا وَقَالُوا أَإِذَا كُنَّا عِظَامًا وَرُفَاتًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ خَلْقًا جَدِيدًا

    Бұл олардың сазайы. Өйткені, олар аяттарымызға қарсы келді. Және: “Біз сүйектер тіпті қоқым топырақ болып кеткен кезде; жаңадан жаратылып, тірілеміз бе?”, - деді.

    17:98
  19. أَوَلَمْ يَرَوْا أَنَّ اللَّهَ الَّذِي خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ قَادِرٌ عَلَىٰ أَنْ يَخْلُقَ مِثْلَهُمْ وَجَعَلَ لَهُمْ أَجَلًا لَا رَيْبَ فِيهِ فَأَبَى الظَّالِمُونَ إِلَّا كُفُورًا

    Олар шынында көктер мен жерді жаратқан Алланың; өздері сияқтыларды да жаратуға күші жететіндігін көрмей ме? (Алла) олар үшін бір белгілі мерзім жасаған; онда әсте шек жоқ. Сонда да залымдар бас тартып, мүлде қарсы келді.

    17:99
  20. قُلْ لَوْ أَنْتُمْ تَمْلِكُونَ خَزَائِنَ رَحْمَةِ رَبِّي إِذًا لَأَمْسَكْتُمْ خَشْيَةَ الْإِنْفَاقِ ۚ وَكَانَ الْإِنْسَانُ قَتُورًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Егер сендер Раббымның рахметінің қазынасына ие болсаңдар, сол уақытта да оның жұмсалып кетуінен қорқып, әрине үнемшілік істер едіңдер. Өйткені, адам баласы тым сараң” де.

    17:100

Аударма: Халифа Алтай