Сүре 18 әл-Кәһф (Үңгір), аят 60 – 65

  1. وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِفَتَاهُ لَا أَبْرَحُ حَتَّىٰ أَبْلُغَ مَجْمَعَ الْبَحْرَيْنِ أَوْ أَمْضِيَ حُقُبًا

    Сол уақытта Мұса (Ғ.С.) жігітіне: “Екі теңіздің қосылған жеріне дейін тоқтамаймын. Немесе жүріспен жылдар өткіземін” деді.

    18:60
  2. فَلَمَّا بَلَغَا مَجْمَعَ بَيْنِهِمَا نَسِيَا حُوتَهُمَا فَاتَّخَذَ سَبِيلَهُ فِي الْبَحْرِ سَرَبًا

    Екеуі екі теңіздің құйғанына жеткен кезде, балықтарын ұмытты. Сонда балық , сырғып барып , теңізден жол алды.

    18:61
  3. فَلَمَّا جَاوَزَا قَالَ لِفَتَاهُ آتِنَا غَدَاءَنَا لَقَدْ لَقِينَا مِنْ سَفَرِنَا هَٰذَا نَصَبًا

    Екеуі ілгерілеп барған кезде, Мұса (Ғ.С.) жігітіне: “Азығымызды әкелші ; әрине осы сапарымызда шаршадық” деді.

    18:62
  4. قَالَ أَرَأَيْتَ إِذْ أَوَيْنَا إِلَى الصَّخْرَةِ فَإِنِّي نَسِيتُ الْحُوتَ وَمَا أَنْسَانِيهُ إِلَّا الشَّيْطَانُ أَنْ أَذْكُرَهُ ۚ وَاتَّخَذَ سَبِيلَهُ فِي الْبَحْرِ عَجَبًا

    “Көрдің бе? Тасқа дем алғанда, балықты ұмытқан екмін. Маған оны айтуды шайтан-ақ ұмыттырды. Ол таңғажайып түрде теңізде жол алды” деді.

    18:63
  5. قَالَ ذَٰلِكَ مَا كُنَّا نَبْغِ ۚ فَارْتَدَّا عَلَىٰ آثَارِهِمَا قَصَصًا

    (Мұса Ғ.С.): “Міне іздегеніміз осы” деп, екеуі ізінше қайта қайтты.

    18:64
  6. فَوَجَدَا عَبْدًا مِنْ عِبَادِنَا آتَيْنَاهُ رَحْمَةً مِنْ عِنْدِنَا وَعَلَّمْنَاهُ مِنْ لَدُنَّا عِلْمًا

    Сонда екеуі; өз тарапымыздан игілік беріп, өз қасымыздан ғылым үйреткен құлдарымыздан бірін тапты.

    18:65

Аударма: Халифа Алтай