Сүре 18 әл-Кәһф (Үңгір), аят 92 – 99
-
ثُمَّ أَتْبَعَ سَبَبًا
Содан кейін тағы да бір шара қолданды.
18:92 -
حَتَّىٰ إِذَا بَلَغَ بَيْنَ السَّدَّيْنِ وَجَدَ مِنْ دُونِهِمَا قَوْمًا لَا يَكَادُونَ يَفْقَهُونَ قَوْلًا
Тіпті екі таудың арасына жеткен кезде, сөзді түсіне алмайтын бір ел тапты.
18:93 -
قَالُوا يَا ذَا الْقَرْنَيْنِ إِنَّ يَأْجُوجَ وَمَأْجُوجَ مُفْسِدُونَ فِي الْأَرْضِ فَهَلْ نَجْعَلُ لَكَ خَرْجًا عَلَىٰ أَنْ تَجْعَلَ بَيْنَنَا وَبَيْنَهُمْ سَدًّا
Олар: “Әй Зұлқарнайын! Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?” деді. (Бұл; Азербайжан таулары. Яжұж, Мажұж; Япас ұрпағынан болған бір бұзақы ел. Ж.Б.Р.К.М.Х.)
18:94 -
قَالَ مَا مَكَّنِّي فِيهِ رَبِّي خَيْرٌ فَأَعِينُونِي بِقُوَّةٍ أَجْعَلْ بَيْنَكُمْ وَبَيْنَهُمْ رَدْمًا
Зұлқарнайын: “Раббымның маған бергені бес артық. Сендер маған күш көмегін қылыңдар да сендер мен олардың арасына бір бөгет жасайын” деді.
18:95 -
آتُونِي زُبَرَ الْحَدِيدِ ۖ حَتَّىٰ إِذَا سَاوَىٰ بَيْنَ الصَّدَفَيْنِ قَالَ انْفُخُوا ۖ حَتَّىٰ إِذَا جَعَلَهُ نَارًا قَالَ آتُونِي أُفْرِغْ عَلَيْهِ قِطْرًا
“Маған темір тақтайлар әкеліңдер” деді. Екі беттің арасы теңелген кезде: “Көріктеңдер” деді. Ол от болған сәтте: “Маған еріген мыс әкеліңдер, үстіне құяйын” деді.
18:96 -
فَمَا اسْطَاعُوا أَنْ يَظْهَرُوهُ وَمَا اسْتَطَاعُوا لَهُ نَقْبًا
Сонда олар, оны аса алмады да тесе алмады…
18:97 -
قَالَ هَٰذَا رَحْمَةٌ مِنْ رَبِّي ۖ فَإِذَا جَاءَ وَعْدُ رَبِّي جَعَلَهُ دَكَّاءَ ۖ وَكَانَ وَعْدُ رَبِّي حَقًّا
(Зұлқарнайын): “Бұл Раббымнан бір мәрхамет. Қашан Раббымның уәдесі (қиямет) келсе, оны жермен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымның уәдесі хақ” деді.
18:98 -
وَتَرَكْنَا بَعْضَهُمْ يَوْمَئِذٍ يَمُوجُ فِي بَعْضٍ ۖ وَنُفِخَ فِي الصُّورِ فَجَمَعْنَاهُمْ جَمْعًا
Қиямет күні, оларды бір-біріне қосылған түрде қоямыз да Сұр үріліп, оларды тұтас жинаймыз.
18:99
Аударма: Халифа Алтай