Сүре 19 Мәриям, аят 12 – 15

  1. يَا يَحْيَىٰ خُذِ الْكِتَابَ بِقُوَّةٍ ۖ وَآتَيْنَاهُ الْحُكْمَ صَبِيًّا

    "Әй Яхя! Кітапты мықты үста" деп, сәбилігінде-ақ даналық берген едік.

    19:12
  2. وَحَنَانًا مِنْ لَدُنَّا وَزَكَاةً ۖ وَكَانَ تَقِيًّا

    Әрі оған өз қасымыздан мұлайымдық, ктнәдан тазалық бердік. Өзі де тақуа еді.

    19:13
  3. وَبَرًّا بِوَالِدَيْهِ وَلَمْ يَكُنْ جَبَّارًا عَصِيًّا

    Әрі әке-шешесіне де мейірімді еді. Зоракер, күнәкар емес еді.

    19:14
  4. وَسَلَامٌ عَلَيْهِ يَوْمَ وُلِدَ وَيَوْمَ يَمُوتُ وَيَوْمَ يُبْعَثُ حَيًّا

    Оған туылған күні, өлетін күні және тірі тұрғызылатын күні амандық болсын.

    19:15

Аударма: Халифа Алтай