Сүре 19 Мәриям, аят 16 – 33
-
وَاذْكُرْ فِي الْكِتَابِ مَرْيَمَ إِذِ انْتَبَذَتْ مِنْ أَهْلِهَا مَكَانًا شَرْقِيًّا
(Мұхаммед Ғ.С.) Құрандағы Мәрямды айтып бер. Сол уақытта ол, түрған үйінің шығыс жағындағы бір орынға жекеленіп барды.
19:16 -
فَاتَّخَذَتْ مِنْ دُونِهِمْ حِجَابًا فَأَرْسَلْنَا إِلَيْهَا رُوحَنَا فَتَمَثَّلَ لَهَا بَشَرًا سَوِيًّا
Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ оған рүхымызды (Жебірейілді) жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді.
19:17 -
قَالَتْ إِنِّي أَعُوذُ بِالرَّحْمَٰنِ مِنْكَ إِنْ كُنْتَ تَقِيًّا
(Мәрям): "Егер сен тақуа болсаң да сенен Аллаға сиынамын" деді.
19:18 -
قَالَ إِنَّمَا أَنَا رَسُولُ رَبِّكِ لِأَهَبَ لَكِ غُلَامًا زَكِيًّا
(Рүх): "Мен саған бір таза бала беруге жіберілген Раббыңның елшісімін" деді.
19:19 -
قَالَتْ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي غُلَامٌ وَلَمْ يَمْسَسْنِي بَشَرٌ وَلَمْ أَكُ بَغِيًّا
Мәрям: "Маған бір адам жүғыспаса, маған қалайша бала болады? Сондай-ақ суық жолда болмасам" деді.
19:20 -
قَالَ كَذَٰلِكِ قَالَ رَبُّكِ هُوَ عَلَيَّ هَيِّنٌ ۖ وَلِنَجْعَلَهُ آيَةً لِلنَّاسِ وَرَحْمَةً مِنَّا ۚ وَكَانَ أَمْرًا مَقْضِيًّا
(Жебірейіл Ғ.С.): "Ол, солайша" деді. Өйткені, Раббың: "Бұл Маған оңай. Мен тараптан адам баласына бір үлгі әрі бір мәрхамет. Бұл біткен бір іс еді" деді.
19:21 -
فَحَمَلَتْهُ فَانْتَبَذَتْ بِهِ مَكَانًا قَصِيًّا
Мәрям; ол балаға жүкті болып, соныменен ұзақ бір жерге кетті.
19:22 -
فَأَجَاءَهَا الْمَخَاضُ إِلَىٰ جِذْعِ النَّخْلَةِ قَالَتْ يَا لَيْتَنِي مِتُّ قَبْلَ هَٰذَا وَكُنْتُ نَسْيًا مَنْسِيًّا
Сонда оны толғақ қысып, құрма ағашының түбіне барды да: "Әттең-ай! Мен бұдан бұрын өліп қана мүлде ұмытылып кеткен болсам еді" деді.
19:23 -
فَنَادَاهَا مِنْ تَحْتِهَا أَلَّا تَحْزَنِي قَدْ جَعَلَ رَبُّكِ تَحْتَكِ سَرِيًّا
(Періште) оның астынғы жағынан: "Кейіме, Раббың астыңнан бір бұлақ жаратты" деп дабыстады.
19:24 -
وَهُزِّي إِلَيْكِ بِجِذْعِ النَّخْلَةِ تُسَاقِطْ عَلَيْكِ رُطَبًا جَنِيًّا
"Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілк. Саған жас құрма түседі" (деген үн келді.)
19:25 -
فَكُلِي وَاشْرَبِي وَقَرِّي عَيْنًا ۖ فَإِمَّا تَرَيِنَّ مِنَ الْبَشَرِ أَحَدًا فَقُولِي إِنِّي نَذَرْتُ لِلرَّحْمَٰنِ صَوْمًا فَلَنْ أُكَلِّمَ الْيَوْمَ إِنْسِيًّا
Ал енді же де іш. Көз айым бол.! Егер адамдардан біреу көрсең: "Аса қамқор Алла үшін ораза атадым. Сондықтан бүгін еш адаммен сөйлеспеймін" де.
19:26 -
فَأَتَتْ بِهِ قَوْمَهَا تَحْمِلُهُ ۖ قَالُوا يَا مَرْيَمُ لَقَدْ جِئْتِ شَيْئًا فَرِيًّا
Сонда баланы кетеріп еліне келді. Олар: "Әй Мәрям! Расында сен өрескел бір нәрсе келтірдің" деді.
19:27 -
يَا أُخْتَ هَارُونَ مَا كَانَ أَبُوكِ امْرَأَ سَوْءٍ وَمَا كَانَتْ أُمُّكِ بَغِيًّا
"Әй һарұнның қарындасы! (Сонымен рулас қыз.) Әкең де жаман кісі емес, шешең де жаман жолда емес еді."
19:28 -
فَأَشَارَتْ إِلَيْهِ ۖ قَالُوا كَيْفَ نُكَلِّمُ مَنْ كَانَ فِي الْمَهْدِ صَبِيًّا
Мәрям баланы көрсетті. Олар: "Бесіктегі бір бөбекпен қайтып сөйлесеміз?",- деді.
19:29 -
قَالَ إِنِّي عَبْدُ اللَّهِ آتَانِيَ الْكِتَابَ وَجَعَلَنِي نَبِيًّا
(Бала): "Рас мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар кылды" деді.
19:30 -
وَجَعَلَنِي مُبَارَكًا أَيْنَ مَا كُنْتُ وَأَوْصَانِي بِالصَّلَاةِ وَالزَّكَاةِ مَا دُمْتُ حَيًّا
"Сондай-ақ мені кайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды."
19:31 -
وَبَرًّا بِوَالِدَتِي وَلَمْ يَجْعَلْنِي جَبَّارًا شَقِيًّا
"(Мені) шешеме мейірімді етіп, бір зоракер және қиқар қылмады."
19:32 -
وَالسَّلَامُ عَلَيَّ يَوْمَ وُلِدْتُ وَيَوْمَ أَمُوتُ وَيَوْمَ أُبْعَثُ حَيًّا
"Маған туылған күнімде, өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады."
19:33
Аударма: Халифа Алтай