Сүре 19 Мәриям

  1. جَنَّاتِ عَدْنٍ الَّتِي وَعَدَ الرَّحْمَٰنُ عِبَادَهُ بِالْغَيْبِ ۚ إِنَّهُ كَانَ وَعْدُهُ مَأْتِيًّا

    Ол, аса қамқор Алланың құпия түрде құлдарына уәде еткен (Ғадын) жаннаттары. Расында Оның уәдесі орындалады.

    19:61
  2. لَا يَسْمَعُونَ فِيهَا لَغْوًا إِلَّا سَلَامًا ۖ وَلَهُمْ رِزْقُهُمْ فِيهَا بُكْرَةً وَعَشِيًّا

    Олар жаннатта сәлемнен басқа бос сөз естімейді. Және оларға жаннатта ертелі-кеш несібе бар.

    19:62
  3. تِلْكَ الْجَنَّةُ الَّتِي نُورِثُ مِنْ عِبَادِنَا مَنْ كَانَ تَقِيًّا

    Құлдарымыздан біреу тақуа болса, соны мұрагер ететін бейіш осы. (Бір уақ Жебірейіл Ғ.С. кешіккендіктен Мұхаммед Ғ.С. алаң болады. Ж.Б.М.Р.К.

    19:63
  4. وَمَا نَتَنَزَّلُ إِلَّا بِأَمْرِ رَبِّكَ ۖ لَهُ مَا بَيْنَ أَيْدِينَا وَمَا خَلْفَنَا وَمَا بَيْنَ ذَٰلِكَ ۚ وَمَا كَانَ رَبُّكَ نَسِيًّا

    (Жебрейіл Ғ.С.): "Раббымның әмірімен ғана түсеміз. Алды-артымдағы және екі арадағы жағдайларды білу Оған тән. Сондай-ақ Раббың ұмытпайды.

    19:64
  5. رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا فَاعْبُدْهُ وَاصْطَبِرْ لِعِبَادَتِهِ ۚ هَلْ تَعْلَمُ لَهُ سَمِيًّا

    Ол, көктер мен жердің екі арасындағылардың Раббы. Сондықтан Соған құлшылықта сабырлы бол. Сол аттас білетінің бар ма? (Бұдан басқа Алла бар ма?)

    19:65
  6. وَيَقُولُ الْإِنْسَانُ أَإِذَا مَا مِتُّ لَسَوْفَ أُخْرَجُ حَيًّا

    Адам баласы: "Мен өлген уақытта тіріліп, ортаға шығарыламын ба?",-дейді.

    19:66
  7. أَوَلَا يَذْكُرُ الْإِنْسَانُ أَنَّا خَلَقْنَاهُ مِنْ قَبْلُ وَلَمْ يَكُ شَيْئًا

    Ал адам баласы, өзін алғаш жаратқанымызда, дәнеңе емес екенін ойламай ма?

    19:67
  8. فَوَرَبِّكَ لَنَحْشُرَنَّهُمْ وَالشَّيَاطِينَ ثُمَّ لَنُحْضِرَنَّهُمْ حَوْلَ جَهَنَّمَ جِثِيًّا

    Раббыңа серт! Әлбетте оларды да шайтандарын да жинаймыз. Сонан соң тозақтың айналасына тізерлетіп, оларды әзірлейміз.

    19:68
  9. ثُمَّ لَنَنْزِعَنَّ مِنْ كُلِّ شِيعَةٍ أَيُّهُمْ أَشَدُّ عَلَى الرَّحْمَٰنِ عِتِيًّا

    Сонан кейін әрбір топтан Аллаға қайсысы қатты қарсы келгенін ортаға шығарамыз.

    19:69
  10. ثُمَّ لَنَحْنُ أَعْلَمُ بِالَّذِينَ هُمْ أَوْلَىٰ بِهَا صِلِيًّا

    Сосын әрине олардан тозаққа лайық болғанын жақсы білеміз.

    19:70
  11. وَإِنْ مِنْكُمْ إِلَّا وَارِدُهَا ۚ كَانَ عَلَىٰ رَبِّكَ حَتْمًا مَقْضِيًّا

    Сендерден тозаққа келмейтін (сыраттан өтпейтін) ешкім болмайды. (Бұл) Раббыңа түжырымды, міндетті бір үкім.

    19:71
  12. ثُمَّ نُنَجِّي الَّذِينَ اتَّقَوْا وَنَذَرُ الظَّالِمِينَ فِيهَا جِثِيًّا

    Соңыра тақуа болғандарды құтқарамыз да залымдарды тозақта жүгіндіріп қоямыз.

    19:72
  13. وَإِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ آيَاتُنَا بَيِّنَاتٍ قَالَ الَّذِينَ كَفَرُوا لِلَّذِينَ آمَنُوا أَيُّ الْفَرِيقَيْنِ خَيْرٌ مَقَامًا وَأَحْسَنُ نَدِيًّا

    Өздеріне ашық түрде аяттарымыз оқылған заман; кәпірлер, (байлықтарын салғастырып) мүміндерге: "Екі топтың қайсысы жағдайда жақсы, жиналыста көркем?",- деді.

    19:73
  14. وَكَمْ أَهْلَكْنَا قَبْلَهُمْ مِنْ قَرْنٍ هُمْ أَحْسَنُ أَثَاثًا وَرِئْيًا

    Бұлардан бұрынғы нәсілден талайды жоқ еттік. Олар, дүниелікте әрі көріністе бұлардан артық еді.

    19:74
  15. قُلْ مَنْ كَانَ فِي الضَّلَالَةِ فَلْيَمْدُدْ لَهُ الرَّحْمَٰنُ مَدًّا ۚ حَتَّىٰ إِذَا رَأَوْا مَا يُوعَدُونَ إِمَّا الْعَذَابَ وَإِمَّا السَّاعَةَ فَسَيَعْلَمُونَ مَنْ هُوَ شَرٌّ مَكَانًا وَأَضْعَفُ جُنْدًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Кім адасқан болса, Алла оны мүлде созып қояды да ақыр өздеріне уәде етілген азапты не қияметті көрген сәтте, олар кімнің орны жаман, сыбайластары әлсіз екенін біледі" де.

    19:75
  16. وَيَزِيدُ اللَّهُ الَّذِينَ اهْتَدَوْا هُدًى ۗ وَالْبَاقِيَاتُ الصَّالِحَاتُ خَيْرٌ عِنْدَ رَبِّكَ ثَوَابًا وَخَيْرٌ مَرَدًّا

    Алла (Т.) тура жол тапқандарға туралықты арттырады. Тұрақты игілік; Раббыңның, қасында сауап түрғысынан жақсы да нәтиже бойынша хайырлы.

    19:76
  17. أَفَرَأَيْتَ الَّذِي كَفَرَ بِآيَاتِنَا وَقَالَ لَأُوتَيَنَّ مَالًا وَوَلَدًا

    (Мұхаммед Ғ.С.) аяттарымызға қарсы келіп: "Әлбетте маған мал, бала беріледі" дегенді көрдің бе?

    19:77
  18. أَطَّلَعَ الْغَيْبَ أَمِ اتَّخَذَ عِنْدَ الرَّحْمَٰنِ عَهْدًا

    Ол, көместі білді ме? Немесе Алладан уәде алды ма?

    19:78
  19. كَلَّا ۚ سَنَكْتُبُ مَا يَقُولُ وَنَمُدُّ لَهُ مِنَ الْعَذَابِ مَدًّا

    Әсте олай емес. Оның айтқанын жазамыз да оған азапты арттырған сайын арттырамыз.

    19:79
  20. وَنَرِثُهُ مَا يَقُولُ وَيَأْتِينَا فَرْدًا

    Сондай-ақ оның айтқанына Біз ие боламыз да ол бізге жалғыз келеді.

    19:80

Аударма: Халифа Алтай