Сүре 23 әл-Му'минун (Мүміндер), аят 1 – 9

  1. قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ

    Шынында иман келтіргендер құтылды.

    23:1
  2. الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتِهِمْ خَاشِعُونَ

    Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады.

    23:2
  3. وَالَّذِينَ هُمْ عَنِ اللَّغْوِ مُعْرِضُونَ

    Олар, бос нәрселерден аулақ болады. (25-С. 72-А.)

    23:3
  4. وَالَّذِينَ هُمْ لِلزَّكَاةِ فَاعِلُونَ

    Олар, зекеттерін береді.

    23:4
  5. وَالَّذِينَ هُمْ لِفُرُوجِهِمْ حَافِظُونَ

    Олар, ұятты жерлерін сақтайды.

    23:5
  6. إِلَّا عَلَىٰ أَزْوَاجِهِمْ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُمْ فَإِنَّهُمْ غَيْرُ مَلُومِينَ

    Бірақ. жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ.

    23:6
  7. فَمَنِ ابْتَغَىٰ وَرَاءَ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْعَادُونَ

    Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шығушылар.

    23:7
  8. وَالَّذِينَ هُمْ لِأَمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُونَ

    Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы.

    23:8
  9. وَالَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَوَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ

    Олар, намаздарына ұқыпты.

    23:9

Аударма: Халифа Алтай