Сүре 27 ан-Нәміл (Құмырсқалар), аят 20 – 45

  1. وَتَفَقَّدَ الطَّيْرَ فَقَالَ مَا لِيَ لَا أَرَى الْهُدْهُدَ أَمْ كَانَ مِنَ الْغَائِبِينَ

    (Сүлеймен Ғ.С.) Құстарды түгендеді де: "Бәбісекті неге көрмеймін, немесе ол, жоғалып кетті ме?",- деді.

    27:20
  2. لَأُعَذِّبَنَّهُ عَذَابًا شَدِيدًا أَوْ لَأَذْبَحَنَّهُ أَوْ لَيَأْتِيَنِّي بِسُلْطَانٍ مُبِينٍ

    "Әлбетте оны қатты қинаймын не оны бауыздаймын. Немесе маған бір ашық дәлел келтірсін."

    27:21
  3. فَمَكَثَ غَيْرَ بَعِيدٍ فَقَالَ أَحَطْتُ بِمَا لَمْ تُحِطْ بِهِ وَجِئْتُكَ مِنْ سَبَإٍ بِنَبَإٍ يَقِينٍ

    Сонда ол, көп кешікпей-ақ келіп: "Сен білмеген нәрсені білдім. Сондай-ақ Сәба мемлекетінен анық хабар келтірдім." деді (Сәба: Йемен мемлекеті. Ж.Б.К.)

    27:22
  4. إِنِّي وَجَدْتُ امْرَأَةً تَمْلِكُهُمْ وَأُوتِيَتْ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ وَلَهَا عَرْشٌ عَظِيمٌ

    "Расында оларға патша болған бір қатын таптым. Оған әр түрлі нәрсе берілген әрі оның үлкен тақты бар." (Шахыл қызы Былқыс қатын патша еді. Б.М.К.Р.)

    27:23
  5. وَجَدْتُهَا وَقَوْمَهَا يَسْجُدُونَ لِلشَّمْسِ مِنْ دُونِ اللَّهِ وَزَيَّنَ لَهُمُ الشَّيْطَانُ أَعْمَالَهُمْ فَصَدَّهُمْ عَنِ السَّبِيلِ فَهُمْ لَا يَهْتَدُونَ

    "Оны да елін де Алладан өзге күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға істеген істерін әдемі көрсетіп, жолдан тосқан. Сондықтан тура жол таба алмайтын көрінеді."

    27:24
  6. أَلَّا يَسْجُدُوا لِلَّهِ الَّذِي يُخْرِجُ الْخَبْءَ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَيَعْلَمُ مَا تُخْفُونَ وَمَا تُعْلِنُونَ

    (Сәжде аяты бар.) "Көктер мен жердегі көместі көрнеуге шығаратын, өсімдіктерді өсіретін, сондай-ақ олардың көрнеу, көмес істегендерін білетін Аллаға неге сәжде қылмайды?"

    27:25
  7. اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ ۩

    "Ұлы ғаршының Раббы Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ."

    27:26
  8. قَالَ سَنَنْظُرُ أَصَدَقْتَ أَمْ كُنْتَ مِنَ الْكَاذِبِينَ

    (Сүлеймен Ғ.С.): "Шын айттық ба? Немесе өтірікшілерденсің бе? Көреміз" деді.

    27:27
  9. اذْهَبْ بِكِتَابِي هَٰذَا فَأَلْقِهْ إِلَيْهِمْ ثُمَّ تَوَلَّ عَنْهُمْ فَانْظُرْ مَاذَا يَرْجِعُونَ

    "Мына хатымды алып барып; оны оларға таста да бұрылып тұрып күт. Не жауап қайтарар екен?"

    27:28
  10. قَالَتْ يَا أَيُّهَا الْمَلَأُ إِنِّي أُلْقِيَ إِلَيَّ كِتَابٌ كَرِيمٌ

    (Былқыс): "Әй бастықтар! Маған бір елеулі хат тасталды" деді.

    27:29
  11. إِنَّهُ مِنْ سُلَيْمَانَ وَإِنَّهُ بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ

    "Ол, Сүлейменнен: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен» (бастаймын" дейді.)

    27:30
  12. أَلَّا تَعْلُوا عَلَيَّ وَأْتُونِي مُسْلِمِينَ

    "Маған ұлықтық қылмаңдар, өзіме бағынган түрде келіңдер!",-(делінген.)

    27:31
  13. قَالَتْ يَا أَيُّهَا الْمَلَأُ أَفْتُونِي فِي أَمْرِي مَا كُنْتُ قَاطِعَةً أَمْرًا حَتَّىٰ تَشْهَدُونِ

    "Әй бастықтар! Маған ақыл беріңдер. Сендер болмайынша, бір іске шешім жасамаймын" деді.

    27:32
  14. قَالُوا نَحْنُ أُولُو قُوَّةٍ وَأُولُو بَأْسٍ شَدِيدٍ وَالْأَمْرُ إِلَيْكِ فَانْظُرِي مَاذَا تَأْمُرِينَ

    Олар: "Біз күшті, қатты жауынгерміз. Әмір беру саған тән. Қане не бұйырасың!",- десті.

    27:33
  15. قَالَتْ إِنَّ الْمُلُوكَ إِذَا دَخَلُوا قَرْيَةً أَفْسَدُوهَا وَجَعَلُوا أَعِزَّةَ أَهْلِهَا أَذِلَّةً ۖ وَكَذَٰلِكَ يَفْعَلُونَ

    (Патша, оларға): "Сөз жоқ, патшалар қашан бір мемлекетке кірсе, ол жерді бұзып, елінің құрметтілерін қор етеді. Осылайша істейді" деді.

    27:34
  16. وَإِنِّي مُرْسِلَةٌ إِلَيْهِمْ بِهَدِيَّةٍ فَنَاظِرَةٌ بِمَ يَرْجِعُ الْمُرْسَلُونَ

    "Әрине оларға бір сәлемдеме жіберіп, елшілер арқылы не жауап қайтаратындығын күтемін."

    27:35
  17. فَلَمَّا جَاءَ سُلَيْمَانَ قَالَ أَتُمِدُّونَنِ بِمَالٍ فَمَا آتَانِيَ اللَّهُ خَيْرٌ مِمَّا آتَاكُمْ بَلْ أَنْتُمْ بِهَدِيَّتِكُمْ تَفْرَحُونَ

    (Елшілер) Сүлеймен (Ғ.С.) ге келген сәтте: "Сендер маған малмен көмек етпекшісіңдер ме? Алланың өзіме бергені, сендер бергеннен жақсы. Сыйлықтарыңмен өздерің-ақ мәз болыңдар" деді.

    27:36
  18. ارْجِعْ إِلَيْهِمْ فَلَنَأْتِيَنَّهُمْ بِجُنُودٍ لَا قِبَلَ لَهُمْ بِهَا وَلَنُخْرِجَنَّهُمْ مِنْهَا أَذِلَّةً وَهُمْ صَاغِرُونَ

    "Елдеріңе қайт! Әрине олар, қарсы тұра алмайтын ләшкермен барып, ол жерден оларды қорлап шығарамын да олардың соры қайнады."

    27:37
  19. قَالَ يَا أَيُّهَا الْمَلَأُ أَيُّكُمْ يَأْتِينِي بِعَرْشِهَا قَبْلَ أَنْ يَأْتُونِي مُسْلِمِينَ

    "Әй бастықтар! Олар маған бой ұсынып, келуден бұрын, оның тақтын маған қайсының әкелесіңдер?",- деді.

    27:38
  20. قَالَ عِفْرِيتٌ مِنَ الْجِنِّ أَنَا آتِيكَ بِهِ قَبْلَ أَنْ تَقُومَ مِنْ مَقَامِكَ ۖ وَإِنِّي عَلَيْهِ لَقَوِيٌّ أَمِينٌ

    Жындардан бір ғыприт: "Оны орныңнан тұруыңнан бұрын келтіремін. Шын оған күшім жетеді де сенімдімін" деді.

    27:39
  21. قَالَ الَّذِي عِنْدَهُ عِلْمٌ مِنَ الْكِتَابِ أَنَا آتِيكَ بِهِ قَبْلَ أَنْ يَرْتَدَّ إِلَيْكَ طَرْفُكَ ۚ فَلَمَّا رَآهُ مُسْتَقِرًّا عِنْدَهُ قَالَ هَٰذَا مِنْ فَضْلِ رَبِّي لِيَبْلُوَنِي أَأَشْكُرُ أَمْ أَكْفُرُ ۖ وَمَنْ شَكَرَ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِ ۖ وَمَنْ كَفَرَ فَإِنَّ رَبِّي غَنِيٌّ كَرِيمٌ

    Сондай өзі кітап ғылмына ие біреу де (Бархия ұлы Асып, не Хызыр не Сүлейменнің өзі немесе Жебрейіл. Ж.Б.М.К.Р.): "Оны кірпік қағуыңнан бұрын келтіремін" деді. (Сүлеймен Ғ.С.) оның, жанына келтіріліп, қойылғанын көрген сәтте: "Бұл Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік кылам ба, нәсүкірлік қылам ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім нәсүкірлік етсе, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мүхтаж емес.) өте жомарт."

    27:40
  22. قَالَ نَكِّرُوا لَهَا عَرْشَهَا نَنْظُرْ أَتَهْتَدِي أَمْ تَكُونُ مِنَ الَّذِينَ لَا يَهْتَدُونَ

    (Сүлеймен Ғ.С.): "Оның тағын өзгертіңдер. Жолға келер ме екен, немесе жолға келмейтіндерден болар ма (Тағын тани ма, танымай ма) екен? Көрейік" деді.

    27:41
  23. فَلَمَّا جَاءَتْ قِيلَ أَهَٰكَذَا عَرْشُكِ ۖ قَالَتْ كَأَنَّهُ هُوَ ۚ وَأُوتِينَا الْعِلْمَ مِنْ قَبْلِهَا وَكُنَّا مُسْلِمِينَ

    Былқыс келгенде: "Тагың осындай ма еді?",-делінді. Ол: "Осы бейне сол сияқты. Негізінде бізге бұрын мәлімет беріліп, бой ұсынган едік" деді.

    27:42
  24. وَصَدَّهَا مَا كَانَتْ تَعْبُدُ مِنْ دُونِ اللَّهِ ۖ إِنَّهَا كَانَتْ مِنْ قَوْمٍ كَافِرِينَ

    Оны, Алладан өзге, шоқынған нәрселері тосқан еді. Шынында олар, кәпір елден еді.

    27:43
  25. قِيلَ لَهَا ادْخُلِي الصَّرْحَ ۖ فَلَمَّا رَأَتْهُ حَسِبَتْهُ لُجَّةً وَكَشَفَتْ عَنْ سَاقَيْهَا ۚ قَالَ إِنَّهُ صَرْحٌ مُمَرَّدٌ مِنْ قَوَارِيرَ ۗ قَالَتْ رَبِّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي وَأَسْلَمْتُ مَعَ سُلَيْمَانَ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

    Оған: "Сарайға кір!" делінді. Оны көргенде, су деп ойлап, балтырын ашты. (Сүлеймен Ғ.С.): "Расында ол, әйнектен жарқыратылып жасалган сарай" деді. (Сарайдың кірісіне әйнек төселіп, астынан су ағызып, қойылғандықтан Былқыс су деп ойлап, балтырын ашады.) (Былкыс): Раббым шынында өзіме кесір еткен екенмін. Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы, Аллаға бойсұндым." деді.

    27:44
  26. وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا إِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَالِحًا أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ فَإِذَا هُمْ فَرِيقَانِ يَخْتَصِمُونَ

    Расында Сәмүд еліне: "Аллаға құлшылық қылыңдар" (десін деп) туыстары Салих (Ғ.С.) ты жібердік. Сол уақытта олар екі тап болып, тартысты.

    27:45

Аударма: Халифа Алтай