Сүре 2 әл-Бақара (Сиыр), аят 2 – 4
-
ذَٰلِكَ الْكِتَابُ لَا رَيْبَ ۛ فِيهِ ۛ هُدًى لِلْمُتَّقِينَ
(Бірнеше сүренің басындағы осы тәрізді жеке әріптер: «Хұрұф Мұқаттағат» бөлшек әріптер деп аталады. Ұғымын Алла біледі.) Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші.
2:2 -
الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِالْغَيْبِ وَيُقِيمُونَ الصَّلَاةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنْفِقُونَ
Сондай олар көмеске иман келтіреді, намазды толық орындадйы, өздеріне берген несібемізден (Алла жолында) Пайдаландырады.
2:3 -
وَالَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْكَ وَمَا أُنْزِلَ مِنْ قَبْلِكَ وَبِالْآخِرَةِ هُمْ يُوقِنُونَ
(Мұхаммед Ғ.С.) олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрыңғы түсірілгенге сенеді және ахиретке анық нанады.
2:4
Аударма: Халифа Алтай