Сүре 2 әл-Бақара (Сиыр), аят 224 – 227
-
وَلَا تَجْعَلُوا اللَّهَ عُرْضَةً لِأَيْمَانِكُمْ أَنْ تَبَرُّوا وَتَتَّقُوا وَتُصْلِحُوا بَيْنَ النَّاسِ ۗ وَاللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Алла деген анттарыңды жақсылық істемеулеріңе, сақсынбауларыңа және адамдардың арасын жарастырмауларыңа бөгет қылмаңдар. (Алланың атымен бұндай ант етпеу, етілген жағдайда кәферат беріп бұзу керек.) Алла (Т.) әр нәрсені естуші, білуші.
2:224 -
لَا يُؤَاخِذُكُمُ اللَّهُ بِاللَّغْوِ فِي أَيْمَانِكُمْ وَلَٰكِنْ يُؤَاخِذُكُمْ بِمَا كَسَبَتْ قُلُوبُكُمْ ۗ وَاللَّهُ غَفُورٌ حَلِيمٌ
Алла анттарыңды бос сөзді тергемейді. Алайда жүректерің істегенді есепке алады. (Ойламай ауызша еткен ант есеп емес.) Алла аса жарылқаушы, ерекше жұмсақ.
2:225 -
لِلَّذِينَ يُؤْلُونَ مِنْ نِسَائِهِمْ تَرَبُّصُ أَرْبَعَةِ أَشْهُرٍ ۖ فَإِنْ فَاءُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Әйеліне жақындаспауға ант еткендер, төрт ай күтеді. (Егер төрт ай ішінде кәппарат төлеп) анттарын бұзса, шәксіз Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
2:226 -
وَإِنْ عَزَمُوا الطَّلَاقَ فَإِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ
Егер олар талақ ниет етсе, (төрт айға дейін антын бұзбаса, талақ болады) Расында Алла әр нәрсені естуші, білуші.
2:227
Аударма: Халифа Алтай