Сүре 2 әл-Бақара (Сиыр), аят 246 – 251
-
أَلَمْ تَرَ إِلَى الْمَلَإِ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ مِنْ بَعْدِ مُوسَىٰ إِذْ قَالُوا لِنَبِيٍّ لَهُمُ ابْعَثْ لَنَا مَلِكًا نُقَاتِلْ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۖ قَالَ هَلْ عَسَيْتُمْ إِنْ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الْقِتَالُ أَلَّا تُقَاتِلُوا ۖ قَالُوا وَمَا لَنَا أَلَّا نُقَاتِلَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ وَقَدْ أُخْرِجْنَا مِنْ دِيَارِنَا وَأَبْنَائِنَا ۖ فَلَمَّا كُتِبَ عَلَيْهِمُ الْقِتَالُ تَوَلَّوْا إِلَّا قَلِيلًا مِنْهُمْ ۗ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِالظَّالِمِينَ
(Бүкіл тәпсірлер бойынша «Ғамалқа» деген ел, Израил ұрпақтарына басқаншылық жасап, жерлерінен айдап шығарып, ата мұралары, діни кітаптары қойылған Сандықтарын тартып алып кетеді. Ал сол Ғамалқаның ұрпақтарынан Жалұт деген патшаның заманында, Израил ұрпақтары өз пайғамбарларына: «Бізге бір патша сайлап бер, оның қол астында соғысамыз» дейді.) (Мұхаммед Ғ.С.)Мұса (Ғ.С.) дан кейінгі Израил ұрпақтарының бастықтарын көрмейсің бе? Сол уақытта олар өз пайғамбарларына: «Бізге патша сайлап бер, Алла жолында соғысамыз» десті. Пайғамбар: «Мүбада сендерге соғыс парыз қылынса да соғыспасаңдар?!»,- деді. Олар: «Бізге Алла жолында соғыспайтын не болды? Расында жұрттарымыздан, бала- шағаларымыздан шығарылдық» десті. Бірақ оларға соғыс парыз болған сәтте, олардың өте аздарынан басқасы бас тартты. Алла залымдарды біледі.
2:246 -
وَقَالَ لَهُمْ نَبِيُّهُمْ إِنَّ اللَّهَ قَدْ بَعَثَ لَكُمْ طَالُوتَ مَلِكًا ۚ قَالُوا أَنَّىٰ يَكُونُ لَهُ الْمُلْكُ عَلَيْنَا وَنَحْنُ أَحَقُّ بِالْمُلْكِ مِنْهُ وَلَمْ يُؤْتَ سَعَةً مِنَ الْمَالِ ۚ قَالَ إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَاهُ عَلَيْكُمْ وَزَادَهُ بَسْطَةً فِي الْعِلْمِ وَالْجِسْمِ ۖ وَاللَّهُ يُؤْتِي مُلْكَهُ مَنْ يَشَاءُ ۚ وَاللَّهُ وَاسِعٌ عَلِيمٌ
Оларға пайғамбарлары: «дау жоқ. Алла сендерге талұтты патша сайлады» деді. Олар: «Оның бізге патшалығы қалайша болады? Одан көрі патшалыққа біздер лайықпыз. Сондай-ақ оған малдан да кеңшілік берілмеген еді» десті. Пайғамбар: «Негізінен сендерге оны Алла сайлады да өзін білімде әрі тұлғада артық қылды. Алла әкімшілікті қалағанына береді. Алла, әр нәрсені кеңінен білуші» деді.
2:247 -
وَقَالَ لَهُمْ نَبِيُّهُمْ إِنَّ آيَةَ مُلْكِهِ أَنْ يَأْتِيَكُمُ التَّابُوتُ فِيهِ سَكِينَةٌ مِنْ رَبِّكُمْ وَبَقِيَّةٌ مِمَّا تَرَكَ آلُ مُوسَىٰ وَآلُ هَارُونَ تَحْمِلُهُ الْمَلَائِكَةُ ۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً لَكُمْ إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ
Және олардың пайғамбарлары: «Оның патшалығының белгісі; Раббыларың тарапынан, көңілге тоқтау болатын сандықтың келуі. Онда Мұса, һарұн (Ғ.С.) семьяларынан қалған мұралар бар. Оны періштелер көтереді. Расында мұнда анық белгі бар. Егер сенсеңдер.
2:248 -
فَلَمَّا فَصَلَ طَالُوتُ بِالْجُنُودِ قَالَ إِنَّ اللَّهَ مُبْتَلِيكُمْ بِنَهَرٍ فَمَنْ شَرِبَ مِنْهُ فَلَيْسَ مِنِّي وَمَنْ لَمْ يَطْعَمْهُ فَإِنَّهُ مِنِّي إِلَّا مَنِ اغْتَرَفَ غُرْفَةً بِيَدِهِ ۚ فَشَرِبُوا مِنْهُ إِلَّا قَلِيلًا مِنْهُمْ ۚ فَلَمَّا جَاوَزَهُ هُوَ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ قَالُوا لَا طَاقَةَ لَنَا الْيَوْمَ بِجَالُوتَ وَجُنُودِهِ ۚ قَالَ الَّذِينَ يَظُنُّونَ أَنَّهُمْ مُلَاقُو اللَّهِ كَمْ مِنْ فِئَةٍ قَلِيلَةٍ غَلَبَتْ فِئَةً كَثِيرَةً بِإِذْنِ اللَّهِ ۗ وَاللَّهُ مَعَ الصَّابِرِينَ
» Сонда Талұт әскерлерімен айрылған сәтте: «Расында Алла сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, менен емес. Және кім одан татпаса, әрине ол менен. Бірақ кім қолымен көсіп алып қана ішсе басқа» деді. Сонда олардың өте азынан басқасы одан ішті. Сонымен Талұт және онымен бірге иман келтіргендер, өзеннен өткен шақта: « бізде Жалұт және оның ләшкерлеріне төтеп берер күш жоқ» деді. Сондай олардың анық Аллаға жолығуды ойлағандары: «Алланың қолдауымен қанша аз топ, көп топты жеңген. Алла сабырлармен бірге» деді.
2:249 -
وَلَمَّا بَرَزُوا لِجَالُوتَ وَجُنُودِهِ قَالُوا رَبَّنَا أَفْرِغْ عَلَيْنَا صَبْرًا وَثَبِّتْ أَقْدَامَنَا وَانْصُرْنَا عَلَى الْقَوْمِ الْكَافِرِينَ
Олар Жалұт және жауынгерлеріімен қарсыласқан сәтте: «раббымыз! Сабыр бер, табанымызды бекітіп, бізге кәпір қауымға қарсы жәрдем бере көр!»,- деді.
2:250 -
فَهَزَمُوهُمْ بِإِذْنِ اللَّهِ وَقَتَلَ دَاوُودُ جَالُوتَ وَآتَاهُ اللَّهُ الْمُلْكَ وَالْحِكْمَةَ وَعَلَّمَهُ مِمَّا يَشَاءُ ۗ وَلَوْلَا دَفْعُ اللَّهِ النَّاسَ بَعْضَهُمْ بِبَعْضٍ لَفَسَدَتِ الْأَرْضُ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ ذُو فَضْلٍ عَلَى الْعَالَمِينَ
Сонда олар, оларды Алланың бұйрығымен жеңіліске ұшыратты. Дауыт жалұтты өлтірді. Алла (Т.) дауытқа патшалық, даналық берді. Әрі оған қалағанынан үйретті. (Темірден сауыт жасау құстардың тілін білу) Алла (Т.) адам баласының бірін- бірі арқылы қорғамаса, жер жүзі бұзылар еді. Алла, бүкіл әлемге кеңшілік иесі.
2:251
Аударма: Халифа Алтай