Сүре 2 әл-Бақара (Сиыр), аят 5 – 9

  1. أُولَٰئِكَ عَلَىٰ هُدًى مِنْ رَبِّهِمْ ۖ وَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ

    Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар.

    2:5
  2. إِنَّ الَّذِينَ كَفَرُوا سَوَاءٌ عَلَيْهِمْ أَأَنْذَرْتَهُمْ أَمْ لَمْ تُنْذِرْهُمْ لَا يُؤْمِنُونَ

    (Делінген бейнеде Құранның тура жолынан пайдалана алатын тақуалардың: Көмеске иман келтіру, намазды толық орындау, Алла жолында мал сарып қылу, кітаптарға және ахиретке нану, бес шарты баян етілгеннен кейін, келесі аяттарда, ескерту пайда бермейтін, қасарысқан кәпірлермен екі жүзді (мұнафықтар) баян етіледі).(Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді,

    2:6
  3. خَتَمَ اللَّهُ عَلَىٰ قُلُوبِهِمْ وَعَلَىٰ سَمْعِهِمْ ۖ وَعَلَىٰ أَبْصَارِهِمْ غِشَاوَةٌ ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ عَظِيمٌ

    Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар. (Алла оларды жаратып ой, көз, құлақ берген болса да қарсы келіп қасарысқандықтарынан осы халге келген).

    2:7
  4. وَمِنَ النَّاسِ مَنْ يَقُولُ آمَنَّا بِاللَّهِ وَبِالْيَوْمِ الْآخِرِ وَمَا هُمْ بِمُؤْمِنِينَ

    Адамдардың кейбіреулері, екі жүзді (мұнафықтар): «Аллаға, ахирет күніне сендік» дейді. Бірақ олар сенбейді.

    2:8
  5. يُخَادِعُونَ اللَّهَ وَالَّذِينَ آمَنُوا وَمَا يَخْدَعُونَ إِلَّا أَنْفُسَهُمْ وَمَا يَشْعُرُونَ

    Олар (өздерінше) алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді.

    2:9

Аударма: Халифа Алтай