Сүре 30 ар-Рүм (Римдіктер)

  1. الم

    Ұғымын Алла біледі.

    30:1
  2. غُلِبَتِ الرُّومُ

    Рұм жеңілді.

    30:2
  3. فِي أَدْنَى الْأَرْضِ وَهُمْ مِنْ بَعْدِ غَلَبِهِمْ سَيَغْلِبُونَ

    Ең жақын жерде олар жеңілгеннен кейін жедел жеңіске ие болады.

    30:3
  4. فِي بِضْعِ سِنِينَ ۗ لِلَّهِ الْأَمْرُ مِنْ قَبْلُ وَمِنْ بَعْدُ ۚ وَيَوْمَئِذٍ يَفْرَحُ الْمُؤْمِنُونَ

    Бірнеше жылдың ішінде. Іс бұрын да кейін де Алланың еркінде. Сол күні мтиіндер де қош болады. (Сол күндерде Мтсылмандар Бәдірде жеңіске ие болады...)

    30:4
  5. بِنَصْرِ اللَّهِ ۚ يَنْصُرُ مَنْ يَشَاءُ ۖ وَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ

    Алланың жәрдемімен. Ол, кімді қаласа, жәрдем етеді. Ол аса үстем, ерекше мейірімді.

    30:5
  6. وَعْدَ اللَّهِ ۖ لَا يُخْلِفُ اللَّهُ وَعْدَهُ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لَا يَعْلَمُونَ

    Бұл Алланың уәдесі. Алла уәдесінен айнымайды. Бірақ адамдардың көбі түсінбвйді.

    30:6
  7. يَعْلَمُونَ ظَاهِرًا مِنَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَهُمْ عَنِ الْآخِرَةِ هُمْ غَافِلُونَ

    Олар Дүние тіршілігінен көрініп түрғанын біледі де өздері ахиреттен кәперсіз.

    30:7
  8. أَوَلَمْ يَتَفَكَّرُوا فِي أَنْفُسِهِمْ ۗ مَا خَلَقَ اللَّهُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ وَأَجَلٍ مُسَمًّى ۗ وَإِنَّ كَثِيرًا مِنَ النَّاسِ بِلِقَاءِ رَبِّهِمْ لَكَافِرُونَ

    Алла (Т.) Көктер мен жерді әрі екі арасындағыларды шындықпен белгілі бір мерзім үшін жаратты. Өздері жайында ойламай ма? Шынында адамдардың көбі Раббыларына жолыгуға қарсы көледі.

    30:8
  9. أَوَلَمْ يَسِيرُوا فِي الْأَرْضِ فَيَنْظُرُوا كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الَّذِينَ مِنْ قَبْلِهِمْ ۚ كَانُوا أَشَدَّ مِنْهُمْ قُوَّةً وَأَثَارُوا الْأَرْضَ وَعَمَرُوهَا أَكْثَرَ مِمَّا عَمَرُوهَا وَجَاءَتْهُمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ ۖ فَمَا كَانَ اللَّهُ لِيَظْلِمَهُمْ وَلَٰكِنْ كَانُوا أَنْفُسَهُمْ يَظْلِمُونَ

    Олар жөр жүзінде кезіп, өздеріне бгрынғылардың соңының не болғанын көрмей ие? Негізінен олар, бұлардан күштірек еді де олар, жерді қопарып, олар оны; бұлардың дамытуынан көрі көбірек дамытқан еді. Оларға ашық дәлелдер мен елшілер де келген еді. Сонда Алла, Оларға зұлымдық еткен емес. Бірақ олар өздеріне зұлымдық етті.

    30:9
  10. ثُمَّ كَانَ عَاقِبَةَ الَّذِينَ أَسَاءُوا السُّوأَىٰ أَنْ كَذَّبُوا بِآيَاتِ اللَّهِ وَكَانُوا بِهَا يَسْتَهْزِئُونَ

    Сосын жамандық істегендердің соңы; Алланың аяттарын жасынға шығарып, оны мазақ қылгандықтары үшін жаман болды.

    30:10
  11. اللَّهُ يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ

    Алла (Т.) баста жаратады да сосын қайтаратын да өзі. Және Ол жаққа қайтарыласыңдар.

    30:11
  12. وَيَوْمَ تَقُومُ السَّاعَةُ يُبْلِسُ الْمُجْرِمُونَ

    Қиямет-қайым болған күні күнәкарлар күдер үзеді.

    30:12
  13. وَلَمْ يَكُنْ لَهُمْ مِنْ شُرَكَائِهِمْ شُفَعَاءُ وَكَانُوا بِشُرَكَائِهِمْ كَافِرِينَ

    Оларға, Аллаға қосқан ортақтарынан шапағатшы болмайды да өздері ортақтарына қарсы шығады.

    30:13
  14. وَيَوْمَ تَقُومُ السَّاعَةُ يَوْمَئِذٍ يَتَفَرَّقُونَ

    Қиямет-қайым болған күні, сол күні; (Кәпір, Мүсылман) айрылады. (36-С. 59-А.)

    30:14
  15. فَأَمَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ فَهُمْ فِي رَوْضَةٍ يُحْبَرُونَ

    Ал енді иман келтіріп, ізгі іс істегендер; бір бақшада сыйланады.

    30:15
  16. وَأَمَّا الَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِآيَاتِنَا وَلِقَاءِ الْآخِرَةِ فَأُولَٰئِكَ فِي الْعَذَابِ مُحْضَرُونَ

    Ал енді сондай қарсы келіп, ахиретте Маған жолығуды жасынға шығаргандар, міне солар; тозаққа әзір түрде қойылады.

    30:16
  17. فَسُبْحَانَ اللَّهِ حِينَ تُمْسُونَ وَحِينَ تُصْبِحُونَ

    Ендеше түнеген мезгілде әрі таң атырған уақытта Алланы пәктеңдер. (Ттнгі, таңгы намаз.)

    30:17
  18. وَلَهُ الْحَمْدُ فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَعَشِيًّا وَحِينَ تُظْهِرُونَ

    Көктер мен жерде, кешке және түскі уақытқа кіргенде, барлық мақтау Аллаға лайық. (Түскі, кешкі намаздар.)

    30:18
  19. يُخْرِجُ الْحَيَّ مِنَ الْمَيِّتِ وَيُخْرِجُ الْمَيِّتَ مِنَ الْحَيِّ وَيُحْيِي الْأَرْضَ بَعْدَ مَوْتِهَا ۚ وَكَذَٰلِكَ تُخْرَجُونَ

    Ол, өліден тіріні шығарып, тіріден өліні шығарады да жерді өлгеннен кейін жандандырады. Сол сияқты сендер де (қабырдан) шығарыласыңцар.

    30:19
  20. وَمِنْ آيَاتِهِ أَنْ خَلَقَكُمْ مِنْ تُرَابٍ ثُمَّ إِذَا أَنْتُمْ بَشَرٌ تَنْتَشِرُونَ

    Оның белгілерінен бірі; сендерді топырақтан жаратуы. Сосын сендер адам болып, таркаласыңдар. (Өсіп, өнесіңдер.)

    30:20

Аударма: Халифа Алтай