Сүре 33 аль-Ахзап (Біріккен күштер), аят 28 – 34

  1. يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ قُلْ لِأَزْوَاجِكَ إِنْ كُنْتُنَّ تُرِدْنَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا وَزِينَتَهَا فَتَعَالَيْنَ أُمَتِّعْكُنَّ وَأُسَرِّحْكُنَّ سَرَاحًا جَمِيلًا

    Әй Пайғамбар! Жүбайларыңа: "Дүние тіршілігін оның сәнін көксесеңдер, дереу келіңдер, сендерге бір нәрселер беріп, көркем түрде ажыратайын" де.

    33:28
  2. وَإِنْ كُنْتُنَّ تُرِدْنَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ وَالدَّارَ الْآخِرَةَ فَإِنَّ اللَّهَ أَعَدَّ لِلْمُحْسِنَاتِ مِنْكُنَّ أَجْرًا عَظِيمًا

    "Егер Алланы, Елшісін және ахирет жүртын қаласаңдар, әрине Алла сендерден жақсылық істегендерге зор сыйлық дайындайды."

    33:29
  3. يَا نِسَاءَ النَّبِيِّ مَنْ يَأْتِ مِنْكُنَّ بِفَاحِشَةٍ مُبَيِّنَةٍ يُضَاعَفْ لَهَا الْعَذَابُ ضِعْفَيْنِ ۚ وَكَانَ ذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرًا

    Әй Пайғамбардың әйелдері! Сендерден біреу ашық бір үятсыздық істесе, оның азабы екі есе арттырылады. БҮЛ Аллаға оңай.

    33:30
  4. وَمَنْ يَقْنُتْ مِنْكُنَّ لِلَّهِ وَرَسُولِهِ وَتَعْمَلْ صَالِحًا نُؤْتِهَا أَجْرَهَا مَرَّتَيْنِ وَأَعْتَدْنَا لَهَا رِزْقًا كَرِيمًا

    Сендерден кім Аллага, Пайгаибарына бой тсынып, ізгі іс істесе, оган да екі есе сыйлық береміз. Сондай-ақ оған мол несібе береиіз.

    33:31
  5. يَا نِسَاءَ النَّبِيِّ لَسْتُنَّ كَأَحَدٍ مِنَ النِّسَاءِ ۚ إِنِ اتَّقَيْتُنَّ فَلَا تَخْضَعْنَ بِالْقَوْلِ فَيَطْمَعَ الَّذِي فِي قَلْبِهِ مَرَضٌ وَقُلْنَ قَوْلًا مَعْرُوفًا

    Әй Пайгамбардың әйелдері! Сендер әйелдерден әлде біреу сияқты емессіңдер. Егер тақуалық қылсаңдар, қылымсып сөйлемеңдер. Онда жтрегінде дерті бар әлде кіи дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер.

    33:32
  6. وَقَرْنَ فِي بُيُوتِكُنَّ وَلَا تَبَرَّجْنَ تَبَرُّجَ الْجَاهِلِيَّةِ الْأُولَىٰ ۖ وَأَقِمْنَ الصَّلَاةَ وَآتِينَ الزَّكَاةَ وَأَطِعْنَ اللَّهَ وَرَسُولَهُ ۚ إِنَّمَا يُرِيدُ اللَّهُ لِيُذْهِبَ عَنْكُمُ الرِّجْسَ أَهْلَ الْبَيْتِ وَيُطَهِّرَكُمْ تَطْهِيرًا

    Үйлеріңде отырыңдар, кәдімгі надандық дәурінше ашылмаңдар. Сондай-ақ намазды орындап, зекет беріп, Аллаға, Пайгамбарына багшшңдар. Әй Пайгамбардың тй-іші! Шын мәнінде Алла сендерден аракдықты аулақ қылып, өздеріңді тап-таза қылуды қалайды.

    33:33
  7. وَاذْكُرْنَ مَا يُتْلَىٰ فِي بُيُوتِكُنَّ مِنْ آيَاتِ اللَّهِ وَالْحِكْمَةِ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ لَطِيفًا خَبِيرًا

    Үйлерінде оқылған Алланың аяттары мен хикметтерін еске алыңдар. Шәксіз Алла (Т.) өте жтмсақ, толық білупгі.

    33:34

Аударма: Халифа Алтай