Сүре 33 аль-Ахзап (Біріккен күштер), аят 9 – 11

  1. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اذْكُرُوا نِعْمَةَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ جَاءَتْكُمْ جُنُودٌ فَأَرْسَلْنَا عَلَيْهِمْ رِيحًا وَجُنُودًا لَمْ تَرَوْهَا ۚ وَكَانَ اللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرًا

    Әй мүміндер! Алланың сендерге болған нығметін еске алыңдар. Сендерге ләшкерлер келген еді. Сонда оларға боран және сендер көрмеген ләшкерлер жіберген едік. Алла не істегендеріңді толық көруші. (Ћіжіреттің бешінші жылы көптеген рулардан қүралған он екі мың кісілік қалың қол, Мединеге шабуыл жасайды. Мұхаммед (Ғ.С.) үш мың кісімен ор қазып, қорғаныс соғысын жасайды. Бір айга жақын болган соғыста, Мүсылмандар тым қүйзелгендіктен, Қүдыретше қатты боран шығып, жау абыржып, қашады. Б.Ж.Р.М.К.)

    33:9
  2. إِذْ جَاءُوكُمْ مِنْ فَوْقِكُمْ وَمِنْ أَسْفَلَ مِنْكُمْ وَإِذْ زَاغَتِ الْأَبْصَارُ وَبَلَغَتِ الْقُلُوبُ الْحَنَاجِرَ وَتَظُنُّونَ بِاللَّهِ الظُّنُونَا

    Сол уақытга олар сендердің жоғарғы жақтарыңнан да төменгі жақтарыңнан да келген еді. Көздерің алайып, жүректерің ауызға келген еді. Сондай-ақ Аллаға байланысты әр түрлі ойлар ойланған еді.

    33:10
  3. هُنَالِكَ ابْتُلِيَ الْمُؤْمِنُونَ وَزُلْزِلُوا زِلْزَالًا شَدِيدًا

    Міне сол арада мүміндер сыналып, қатты теңселген еді.

    33:11

Аударма: Халифа Алтай