Сүре 33 аль-Ахзап (Біріккен күштер)
-
مَلْعُونِينَ ۖ أَيْنَمَا ثُقِفُوا أُخِذُوا وَقُتِّلُوا تَقْتِيلًا
Олар қаргысқа үшырап, қайдан табылса да үсталып, өлтіріледі.
33:61 -
سُنَّةَ اللَّهِ فِي الَّذِينَ خَلَوْا مِنْ قَبْلُ ۖ وَلَنْ تَجِدَ لِسُنَّةِ اللَّهِ تَبْدِيلًا
Алланың бүрынғы өткендерге жолы осы. Алланың жолынан әсте ауыс-күйіс таба алмайсың.
33:62 -
يَسْأَلُكَ النَّاسُ عَنِ السَّاعَةِ ۖ قُلْ إِنَّمَا عِلْمُهَا عِنْدَ اللَّهِ ۚ وَمَا يُدْرِيكَ لَعَلَّ السَّاعَةَ تَكُونُ قَرِيبًا
(Мұхаммед Ғ.С.) адамдар сенен қиямет мерзімінен Сүрайды. Оларға: "Оның білімі Алланың қасында; қайдан білесің, мүмкін мерзімі жақын шығар" де.
33:63 -
إِنَّ اللَّهَ لَعَنَ الْكَافِرِينَ وَأَعَدَّ لَهُمْ سَعِيرًا
Расында Алла кәпірлерге лагынет етгі. Және оларга жалындаған тозақты әзірледі.
33:64 -
خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۖ لَا يَجِدُونَ وَلِيًّا وَلَا نَصِيرًا
Олар онда мәңгі қалады. Не дос не көмекші таба алмайды.
33:65 -
يَوْمَ تُقَلَّبُ وُجُوهُهُمْ فِي النَّارِ يَقُولُونَ يَا لَيْتَنَا أَطَعْنَا اللَّهَ وَأَطَعْنَا الرَّسُولَا
Олардың беттері от ішінде аударылатын күні: "Әттең! Бізге не болды? Аллаға бой үсынып, Елшісіне көнген болсақ еді" дейді.
33:66 -
وَقَالُوا رَبَّنَا إِنَّا أَطَعْنَا سَادَتَنَا وَكُبَرَاءَنَا فَأَضَلُّونَا السَّبِيلَا
"Раббымыз! Басшыларымызға, үлкендерімізге бой үсындық та бізді солар адастырды" дейді.
33:67 -
رَبَّنَا آتِهِمْ ضِعْفَيْنِ مِنَ الْعَذَابِ وَالْعَنْهُمْ لَعْنًا كَبِيرًا
"Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және оларды рахметіңнен мтлде аулақ қыл."
33:68 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَكُونُوا كَالَّذِينَ آذَوْا مُوسَىٰ فَبَرَّأَهُ اللَّهُ مِمَّا قَالُوا ۚ وَكَانَ عِنْدَ اللَّهِ وَجِيهًا
Әй Мүміндер! Сендер де Мұса (Ғ.С.) ны ренжіткендер сияқты болмаңдар. Бірақ оны Алла, олардың айтқандарынан ақтады. Ол, Алланың қасында беделді еді.
33:69 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَقُولُوا قَوْلًا سَدِيدًا
Әй Мүміндер! Алладан қорқыңдар да дүрыс сөз сөйлеңдер.
33:70 -
يُصْلِحْ لَكُمْ أَعْمَالَكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ذُنُوبَكُمْ ۗ وَمَنْ يُطِعِ اللَّهَ وَرَسُولَهُ فَقَدْ فَازَ فَوْزًا عَظِيمًا
Алла істеріңді оңалтып, күнәларыңды жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға, Елшісіне бой үсынса, әрине ол; үлы табысқа ие болады.
33:71 -
إِنَّا عَرَضْنَا الْأَمَانَةَ عَلَى السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَالْجِبَالِ فَأَبَيْنَ أَنْ يَحْمِلْنَهَا وَأَشْفَقْنَ مِنْهَا وَحَمَلَهَا الْإِنْسَانُ ۖ إِنَّهُ كَانَ ظَلُومًا جَهُولًا
Рас аманатты, (дінді. Ж-Қ.Ж.М.К.Р.Х.) көктер мен жерге және тауларға үсындық; сонда олар оны жүктелуден бас тартып, одан қорықты. Оны адам баласы жүктелді. Өйткені ол, өте залым, тым білімсіз...
33:72 -
لِيُعَذِّبَ اللَّهُ الْمُنَافِقِينَ وَالْمُنَافِقَاتِ وَالْمُشْرِكِينَ وَالْمُشْرِكَاتِ وَيَتُوبَ اللَّهُ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ ۗ وَكَانَ اللَّهُ غَفُورًا رَحِيمًا
Нәтижеде Алла мүнафық ерлер мен әйелдерді және мүшрік ерлермен әйелдерді азапқа салады да мүмін ерлер мен әйелдердің тәубесін қабыл етеді. Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
33:73
Аударма: Халифа Алтай