Сүре 37 ас-Саффат (Сапқа тізілгендер), аят 142 – 146
-
فَالْتَقَمَهُ الْحُوتُ وَهُوَ مُلِيمٌ
Сонда оны балық жүтты. Ол, айыпталған еді.
37:142 -
فَلَوْلَا أَنَّهُ كَانَ مِنَ الْمُسَبِّحِينَ
Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді:
37:143 -
لَلَبِثَ فِي بَطْنِهِ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ
Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді.
37:144 -
فَنَبَذْنَاهُ بِالْعَرَاءِ وَهُوَ سَقِيمٌ
Сонда оны қырға шыгарып, тастадық. Ол науқас еді.
37:145 -
وَأَنْبَتْنَا عَلَيْهِ شَجَرَةً مِنْ يَقْطِينٍ
Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік.
37:146
Аударма: Халифа Алтай