Сүре 37 ас-Саффат (Сапқа тізілгендер), аят 142 – 147

  1. فَالْتَقَمَهُ الْحُوتُ وَهُوَ مُلِيمٌ

    Сонда оны балық жүтты. Ол, айыпталған еді.

    37:142
  2. فَلَوْلَا أَنَّهُ كَانَ مِنَ الْمُسَبِّحِينَ

    Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді:

    37:143
  3. لَلَبِثَ فِي بَطْنِهِ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ

    Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді.

    37:144
  4. فَنَبَذْنَاهُ بِالْعَرَاءِ وَهُوَ سَقِيمٌ

    Сонда оны қырға шыгарып, тастадық. Ол науқас еді.

    37:145
  5. وَأَنْبَتْنَا عَلَيْهِ شَجَرَةً مِنْ يَقْطِينٍ

    Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік.

    37:146
  6. وَأَرْسَلْنَاهُ إِلَىٰ مِائَةِ أَلْفٍ أَوْ يَزِيدُونَ

    Оны жүз мың не тағы артыгырақ елге жіберген едік.

    37:147

Аударма: Халифа Алтай