Сүре 3 əли Ғымран (Имран жанұясы), аят 124 – 126

  1. إِذْ تَقُولُ لِلْمُؤْمِنِينَ أَلَنْ يَكْفِيَكُمْ أَنْ يُمِدَّكُمْ رَبُّكُمْ بِثَلَاثَةِ آلَافٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُنْزَلِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) сол уақытта (Бәдірде) мүміндерге: «Раббыларың сендерге періштелерден үш мың түсіріп жәрдем етсе, жетпей ме?»,- деуде едің.

    3:124
  2. بَلَىٰ ۚ إِنْ تَصْبِرُوا وَتَتَّقُوا وَيَأْتُوكُمْ مِنْ فَوْرِهِمْ هَٰذَا يُمْدِدْكُمْ رَبُّكُمْ بِخَمْسَةِ آلَافٍ مِنَ الْمَلَائِكَةِ مُسَوِّمِينَ

    Әрине егер сабыр етсеңдер, сақсынсаңдар сондай-ақ жау дереу осы араға жетіп келетін болса, Раббыларың сендерге бес мың белгілеулі періштелермен жәрдем етеді.

    3:125
  3. وَمَا جَعَلَهُ اللَّهُ إِلَّا بُشْرَىٰ لَكُمْ وَلِتَطْمَئِنَّ قُلُوبُكُمْ بِهِ ۗ وَمَا النَّصْرُ إِلَّا مِنْ عِنْدِ اللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَكِيمِ

    Алла (Т.) мұны сендер үшін қуаныш әрі онымен жүректерің орнықсын деп қана етеді. Нұсрат, өте үстем, хикмет иесі Алланың қасынан ғана болады.

    3:126

Аударма: Халифа Алтай