Сүре 3 əли Ғымран (Имран жанұясы), аят 144 – 145
-
وَمَا مُحَمَّدٌ إِلَّا رَسُولٌ قَدْ خَلَتْ مِنْ قَبْلِهِ الرُّسُلُ ۚ أَفَإِنْ مَاتَ أَوْ قُتِلَ انْقَلَبْتُمْ عَلَىٰ أَعْقَابِكُمْ ۚ وَمَنْ يَنْقَلِبْ عَلَىٰ عَقِبَيْهِ فَلَنْ يَضُرَّ اللَّهَ شَيْئًا ۗ وَسَيَجْزِي اللَّهُ الشَّاكِرِينَ
Мұхаммед (Ғ.С.) бір елші ғана, одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе не өлтірілсе, сендер сонда өкше (із) леріңе айналасыңдар ма? (Қайта кәпір боласыңдар ма?) Кім өкше ізіне қайтса Аллаға ешбір зиян келтірмейді. Сондай-ақ Алла, шүкір етушілерді сыйлайды.
3:144 -
وَمَا كَانَ لِنَفْسٍ أَنْ تَمُوتَ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ كِتَابًا مُؤَجَّلًا ۗ وَمَنْ يُرِدْ ثَوَابَ الدُّنْيَا نُؤْتِهِ مِنْهَا وَمَنْ يُرِدْ ثَوَابَ الْآخِرَةِ نُؤْتِهِ مِنْهَا ۚ وَسَنَجْزِي الشَّاكِرِينَ
Алланың бұйрығы болмайынша ешкім өлмейді, ол жазулы бір мерзім. Кім дүниенің пайдасын тілесе, оған одан береміз. Ал кім ахирет пайдасын қаласа, оған одан береміз. Сондай-ақ шүкірлік етушілерді сыйлаймыз.
3:145
Аударма: Халифа Алтай