Сүре 3 əли Ғымран (Имран жанұясы), аят 167 – 168

  1. وَلِيَعْلَمَ الَّذِينَ نَافَقُوا ۚ وَقِيلَ لَهُمْ تَعَالَوْا قَاتِلُوا فِي سَبِيلِ اللَّهِ أَوِ ادْفَعُوا ۖ قَالُوا لَوْ نَعْلَمُ قِتَالًا لَاتَّبَعْنَاكُمْ ۗ هُمْ لِلْكُفْرِ يَوْمَئِذٍ أَقْرَبُ مِنْهُمْ لِلْإِيمَانِ ۚ يَقُولُونَ بِأَفْوَاهِهِمْ مَا لَيْسَ فِي قُلُوبِهِمْ ۗ وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِمَا يَكْتُمُونَ

    Сондай-ақ мұнапықтарды да байқау үшін…. Ал оларға: «Келіңдер, Алла жолында соғысыңдар, не қорғанысқа тұрыңдар» делінсе, олар: «Егер соғысуды білсек, әрине арттарыңнан ере едік» деді. Олар ол күні иманнан көрі қарсылыққа жақынырақ еді. Олар жүректерінде болмағанды ауыздарымен айта береді. Негізінде Алла, олардың жасырын нәрселерін жақсы біледі.

    3:167
  2. الَّذِينَ قَالُوا لِإِخْوَانِهِمْ وَقَعَدُوا لَوْ أَطَاعُونَا مَا قُتِلُوا ۗ قُلْ فَادْرَءُوا عَنْ أَنْفُسِكُمُ الْمَوْتَ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) өздері отырып, туыстарына: «Егер тілімізді алса еді, олар өлтірілмес еді» дегендерге: «Сөздерің шын болса, өлімді өздеріңнен кетіріңдер» деп айт.

    3:168

Аударма: Халифа Алтай