Сүре 3 əли Ғымран (Имран жанұясы), аят 42 – 45

  1. وَإِذْ قَالَتِ الْمَلَائِكَةُ يَا مَرْيَمُ إِنَّ اللَّهَ اصْطَفَاكِ وَطَهَّرَكِ وَاصْطَفَاكِ عَلَىٰ نِسَاءِ الْعَالَمِينَ

    Сол уақытта періштелер: «Әй Мерйем! Шәксіз, Алла сені таңдады, тазартты және әлемдегі әйелдерден ардақты қылды» деді.

    3:42
  2. يَا مَرْيَمُ اقْنُتِي لِرَبِّكِ وَاسْجُدِي وَارْكَعِي مَعَ الرَّاكِعِينَ

    «Әй Мәрйем! Раббыңа бой ұсын, сәжде ет және рүкүғ қылушылармен бірге рүкүғ қыл.»

    3:43
  3. ذَٰلِكَ مِنْ أَنْبَاءِ الْغَيْبِ نُوحِيهِ إِلَيْكَ ۚ وَمَا كُنْتَ لَدَيْهِمْ إِذْ يُلْقُونَ أَقْلَامَهُمْ أَيُّهُمْ يَكْفُلُ مَرْيَمَ وَمَا كُنْتَ لَدَيْهِمْ إِذْ يَخْتَصِمُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) міне бұл саған біз уахи етіп отырған көмес хабарлардан. Олардың қайсысы Мәрйемге ие болады деп, қаламдарын (шар) салған кезде, қастарында жоқ едің. Сондай-ақ олар таласқан сәтте де алдарында емес едің.

    3:44
  4. إِذْ قَالَتِ الْمَلَائِكَةُ يَا مَرْيَمُ إِنَّ اللَّهَ يُبَشِّرُكِ بِكَلِمَةٍ مِنْهُ اسْمُهُ الْمَسِيحُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ وَجِيهًا فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَمِنَ الْمُقَرَّبِينَ

    Сол уақытта періштелер: «Әй Мәрйем! Расында Алла сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих Ғиса мәрйем ұлы, дүние ақиретте беделді сондай-ақ Аллаға жақындардан болады» деді.

    3:45

Аударма: Халифа Алтай