Сүре 3 əли Ғымран (Имран жанұясы), аят 45 – 47

  1. إِذْ قَالَتِ الْمَلَائِكَةُ يَا مَرْيَمُ إِنَّ اللَّهَ يُبَشِّرُكِ بِكَلِمَةٍ مِنْهُ اسْمُهُ الْمَسِيحُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ وَجِيهًا فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ وَمِنَ الْمُقَرَّبِينَ

    Сол уақытта періштелер: «Әй Мәрйем! Расында Алла сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих Ғиса мәрйем ұлы, дүние ақиретте беделді сондай-ақ Аллаға жақындардан болады» деді.

    3:45
  2. وَيُكَلِّمُ النَّاسَ فِي الْمَهْدِ وَكَهْلًا وَمِنَ الصَّالِحِينَ

    Бесікте және ержеткенде адамдарға сөйлейді. Әрі игілерден болады.

    3:46
  3. قَالَتْ رَبِّ أَنَّىٰ يَكُونُ لِي وَلَدٌ وَلَمْ يَمْسَسْنِي بَشَرٌ ۖ قَالَ كَذَٰلِكِ اللَّهُ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ ۚ إِذَا قَضَىٰ أَمْرًا فَإِنَّمَا يَقُولُ لَهُ كُنْ فَيَكُونُ

    Мәрйем: «Раббым! Маған бір адам тиіспесе сонда балам қалайша болады!»,- деді. (Періштелер): «Солайша Алла қалағанын жаратады» деді. Қашан бір істің болуын қаласа, тек қана оны «бол» дейді, Сонда ол, бола қалады.

    3:47

Аударма: Халифа Алтай