Сүре 49 əл-Хүжурат (Бөлмелер), аят 1 – 8

  1. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تُقَدِّمُوا بَيْنَ يَدَيِ اللَّهِ وَرَسُولِهِ ۖ وَاتَّقُوا اللَّهَ ۚ إِنَّ اللَّهَ سَمِيعٌ عَلِيمٌ

    Әй мүміндер! Алладан әрі Елшісінен ілгері кетпеңдер. Және Алладан қорқыңдар. Штбәсыз Алла, аса естуші, толық білуші.

    49:1
  2. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَرْفَعُوا أَصْوَاتَكُمْ فَوْقَ صَوْتِ النَّبِيِّ وَلَا تَجْهَرُوا لَهُ بِالْقَوْلِ كَجَهْرِ بَعْضِكُمْ لِبَعْضٍ أَنْ تَحْبَطَ أَعْمَالُكُمْ وَأَنْتُمْ لَا تَشْعُرُونَ

    Әй мүміндер! Дауыстарыңды Пайғамбардың дауысының үстіне көтермеңдер. Өзара бір - біріңе дауыстагандай Пайғамбарга дабырлап сөйлеспеңдер. Ғамалдарың жойылып, аңғариай қаласыңдар.

    49:2
  3. إِنَّ الَّذِينَ يَغُضُّونَ أَصْوَاتَهُمْ عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ أُولَٰئِكَ الَّذِينَ امْتَحَنَ اللَّهُ قُلُوبَهُمْ لِلتَّقْوَىٰ ۚ لَهُمْ مَغْفِرَةٌ وَأَجْرٌ عَظِيمٌ

    Шынында Пайғамбардың жанында дауыстарын бәсеңдеткендер, міне солар, Алла жүректерін тақуалық тшін сынағандар. Оларға жарылқау әрі зор сыйлық бар.

    49:3
  4. إِنَّ الَّذِينَ يُنَادُونَكَ مِنْ وَرَاءِ الْحُجُرَاتِ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْقِلُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) расында саған хүжыралардың арт жағынан айгайлағандардың көбі түсінбегендер.

    49:4
  5. وَلَوْ أَنَّهُمْ صَبَرُوا حَتَّىٰ تَخْرُجَ إِلَيْهِمْ لَكَانَ خَيْرًا لَهُمْ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ

    (Мұхаммед Ғ.С.) егер сен оларға шыққанға дейін олар сабыр етсе, әрине өздеріне жақсы болар еді. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    49:5
  6. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنْ جَاءَكُمْ فَاسِقٌ بِنَبَإٍ فَتَبَيَّنُوا أَنْ تُصِيبُوا قَوْمًا بِجَهَالَةٍ فَتُصْبِحُوا عَلَىٰ مَا فَعَلْتُمْ نَادِمِينَ

    Әй мүміндер! БҮЗЫҚ біреу хабар келтірсе, оны анықтаңдар. Әйтпесе білмей бір елге кесірлерің тиіп, істегендеріңе өкінесіңдер.

    49:6
  7. وَاعْلَمُوا أَنَّ فِيكُمْ رَسُولَ اللَّهِ ۚ لَوْ يُطِيعُكُمْ فِي كَثِيرٍ مِنَ الْأَمْرِ لَعَنِتُّمْ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ حَبَّبَ إِلَيْكُمُ الْإِيمَانَ وَزَيَّنَهُ فِي قُلُوبِكُمْ وَكَرَّهَ إِلَيْكُمُ الْكُفْرَ وَالْفُسُوقَ وَالْعِصْيَانَ ۚ أُولَٰئِكَ هُمُ الرَّاشِدُونَ

    Араларыңда Алланың Елшісі барлығын біліңдер. Егер ол, істің көбінде сендерге багынса еді, әрине қиыншылыққа үшырар едіңдер. Бірақ Алла, сендерге иманды жақсы көрсетіп, оны жүректеріңде зейнеттеді. Сондай-ақ сендерге; қарсылықты, бүзақылықты және бас тартуды жек көрсетті. Міне солар тура жолдағылар.

    49:7
  8. فَضْلًا مِنَ اللَّهِ وَنِعْمَةً ۚ وَاللَّهُ عَلِيمٌ حَكِيمٌ

    Бұл Алладан кеңшілік, және нығмет. Алла толық білуші, хикмет иесі.

    49:8

Аударма: Халифа Алтай