Сүре 52 ат-Тұр (Тұр)
-
وَالطُّورِ
Түр тауына,
52:1 -
وَكِتَابٍ مَسْطُورٍ
Жазулы Кітапқа,
52:2 -
فِي رَقٍّ مَنْشُورٍ
Теріге жазулыға,
52:3 -
وَالْبَيْتِ الْمَعْمُورِ
Толықсыған үйге, (Көктегі қыблаға,)
52:4 -
وَالسَّقْفِ الْمَرْفُوعِ
Көтерілген төбеге, (көкке,)
52:5 -
وَالْبَحْرِ الْمَسْجُورِ
Және ыстық теңізге серт!
52:6 -
إِنَّ عَذَابَ رَبِّكَ لَوَاقِعٌ
Сөзсіз Раббыңның азабы болады.
52:7 -
مَا لَهُ مِنْ دَافِعٍ
Оны тойтарушы жоқ.
52:8 -
يَوْمَ تَمُورُ السَّمَاءُ مَوْرًا
Ол күні аспан қатты теңселеді.
52:9 -
وَتَسِيرُ الْجِبَالُ سَيْرًا
Таулар үшіп жүреді.
52:10 -
فَوَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِلْمُكَذِّبِينَ
Сол күні өтірік деушілерге нендей өкініш!
52:11 -
الَّذِينَ هُمْ فِي خَوْضٍ يَلْعَبُونَ
Олар, сондай орынсыз сүңгіп ойнағандар.
52:12 -
يَوْمَ يُدَعُّونَ إِلَىٰ نَارِ جَهَنَّمَ دَعًّا
Олар сол күні, тозаққа итеріліп, тасталады.
52:13 -
هَٰذِهِ النَّارُ الَّتِي كُنْتُمْ بِهَا تُكَذِّبُونَ
"Міне! Сендер өтірік деген тозақ!"
52:14 -
أَفَسِحْرٌ هَٰذَا أَمْ أَنْتُمْ لَا تُبْصِرُونَ
Ал осы бір сиқыр ма? Немесе сендер көрмейсіңдер ме?
52:15 -
اصْلَوْهَا فَاصْبِرُوا أَوْ لَا تَصْبِرُوا سَوَاءٌ عَلَيْكُمْ ۖ إِنَّمَا تُجْزَوْنَ مَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
"Тозаққа кіріңдер. Шындасаңдар да шындамасаңдар да сендерге бәрі бірдей. Істегендеріңнің гана сазайын тартасыңдар!
52:16 -
إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي جَنَّاتٍ وَنَعِيمٍ
Әрине тақуалар үжмақтарда ырысқа бөленеді.
52:17 -
فَاكِهِينَ بِمَا آتَاهُمْ رَبُّهُمْ وَوَقَاهُمْ رَبُّهُمْ عَذَابَ الْجَحِيمِ
Раббыларының өздеріне берген нәрселерінің қызығын көреді. Оларды Раббылары тозақтың азабынан қорғаған.
52:18 -
كُلُوا وَاشْرَبُوا هَنِيئًا بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ
"Істеген гамалдарың себепті жеңдер, ішіңдер. Сіңімді болсын."
52:19 -
مُتَّكِئِينَ عَلَىٰ سُرُرٍ مَصْفُوفَةٍ ۖ وَزَوَّجْنَاهُمْ بِحُورٍ عِينٍ
"Тізілген дивандарға сүйенген түрде" (делінеді.) Оларды бота көз хүрлармен үйлендіреміз.
52:20
Аударма: Халифа Алтай