Сүре 53 əн-Нәжм (Жұлдыз), аят 1 – 11

  1. وَالنَّجْمِ إِذَا هَوَىٰ

    Батып бара жатқан жұлдыздарға серт.

    53:1
  2. مَا ضَلَّ صَاحِبُكُمْ وَمَا غَوَىٰ

    Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С.) адаспады да ауытқымады.

    53:2
  3. وَمَا يَنْطِقُ عَنِ الْهَوَىٰ

    Ол өз ойынан сөйлемейді.

    53:3
  4. إِنْ هُوَ إِلَّا وَحْيٌ يُوحَىٰ

    Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана.

    53:4
  5. عَلَّمَهُ شَدِيدُ الْقُوَىٰ

    Оған оны өте күшті (Жебрейіл Ғ.С.) үйретті.

    53:5
  6. ذُو مِرَّةٍ فَاسْتَوَىٰ

    Ол қуат иесі (Жебрейіл өз бейнесінде) тура түрды. (Бүл көрініс Хыра тауында болган. Ж.Р.)

    53:6
  7. وَهُوَ بِالْأُفُقِ الْأَعْلَىٰ

    Ол, жоғары көк жиекте еді.

    53:7
  8. ثُمَّ دَنَا فَتَدَلَّىٰ

    Ол, жақындап төмендеді.

    53:8
  9. فَكَانَ قَابَ قَوْسَيْنِ أَوْ أَدْنَىٰ

    Тіпті садақтың екі басындай әлде жақынырақ.

    53:9
  10. فَأَوْحَىٰ إِلَىٰ عَبْدِهِ مَا أَوْحَىٰ

    Сонда Алла, қүлына уахи ететін нәрселерін көкейіне салды.

    53:10
  11. مَا كَذَبَ الْفُؤَادُ مَا رَأَىٰ

    Оның көзінің көргенін көңлі жалганга шыгармады.

    53:11

Аударма: Халифа Алтай