Сүре 59 әл-Хашр (Қуылу)
-
لَوْ أَنْزَلْنَا هَٰذَا الْقُرْآنَ عَلَىٰ جَبَلٍ لَرَأَيْتَهُ خَاشِعًا مُتَصَدِّعًا مِنْ خَشْيَةِ اللَّهِ ۚ وَتِلْكَ الْأَمْثَالُ نَضْرِبُهَا لِلنَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَتَفَكَّرُونَ
(Мүхаимед Ғ.С.) егер осы Құранды бір тауға түсірсек еді, Алладан қорыққандығынан үрейленіп, быт-шыт болғаның көрер едің. БҮЛ мысалдарды адам баласы түсінсін деп, келтіреміз.
59:21 -
هُوَ اللَّهُ الَّذِي لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ ۖ هُوَ الرَّحْمَٰنُ الرَّحِيمُ
Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Көместі де көрнеуді де біледі. Сондай-ақ Ол, тым есіркеуші, ерекше мейірімді.
59:22 -
هُوَ اللَّهُ الَّذِي لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ الْمَلِكُ الْقُدُّوسُ السَّلَامُ الْمُؤْمِنُ الْمُهَيْمِنُ الْعَزِيزُ الْجَبَّارُ الْمُتَكَبِّرُ ۚ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Ол сондай Алла, Одан баска ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк.
59:23 -
هُوَ اللَّهُ الْخَالِقُ الْبَارِئُ الْمُصَوِّرُ ۖ لَهُ الْأَسْمَاءُ الْحُسْنَىٰ ۚ يُسَبِّحُ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۖ وَهُوَ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Ол Алла, жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оган тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана.
59:24
Аударма: Халифа Алтай