Сүре 5 әл-Мәида (Асқа толы дастарқан), аят 20 – 21

  1. وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِ يَا قَوْمِ اذْكُرُوا نِعْمَةَ اللَّهِ عَلَيْكُمْ إِذْ جَعَلَ فِيكُمْ أَنْبِيَاءَ وَجَعَلَكُمْ مُلُوكًا وَآتَاكُمْ مَا لَمْ يُؤْتِ أَحَدًا مِنَ الْعَالَمِينَ

    Бір заманда Мұса(Ғ.С) өз еліне: «Әй елім! Алланың сендерге берген нығыметін еске алыңдар!Өз іштеріңде пайғамбарлар шығарды,әрі сендерді патшалар жасады.Сондай ақ сендерге әлімде ешкімге берілмеген нығымет берді»- деген.

    5:20
  2. يَا قَوْمِ ادْخُلُوا الْأَرْضَ الْمُقَدَّسَةَ الَّتِي كَتَبَ اللَّهُ لَكُمْ وَلَا تَرْتَدُّوا عَلَىٰ أَدْبَارِكُمْ فَتَنْقَلِبُوا خَاسِرِينَ

    Және: «Әй елім!Алла,сендерге жазған қасиетті жерге (Құдыс,Шамға) кіріңдер.Арттарыңа қайтпаңдар,әйтпесе зиян етушілерге айналасыңдар» деген.

    5:21

Аударма: Халифа Алтай