Сүре 5 әл-Мәида (Асқа толы дастарқан), аят 21 – 26

  1. يَا قَوْمِ ادْخُلُوا الْأَرْضَ الْمُقَدَّسَةَ الَّتِي كَتَبَ اللَّهُ لَكُمْ وَلَا تَرْتَدُّوا عَلَىٰ أَدْبَارِكُمْ فَتَنْقَلِبُوا خَاسِرِينَ

    Және: «Әй елім!Алла,сендерге жазған қасиетті жерге (Құдыс,Шамға) кіріңдер.Арттарыңа қайтпаңдар,әйтпесе зиян етушілерге айналасыңдар» деген.

    5:21
  2. قَالُوا يَا مُوسَىٰ إِنَّ فِيهَا قَوْمًا جَبَّارِينَ وَإِنَّا لَنْ نَدْخُلَهَا حَتَّىٰ يَخْرُجُوا مِنْهَا فَإِنْ يَخْرُجُوا مِنْهَا فَإِنَّا دَاخِلُونَ

    Олар: «Әй Мұса! Ол жерде зорлықшыл ел бар.Олар ол жерден шықпайынша біз ол жерге әсте кірмейміз.Егер олар ол жерден шықса әрине кіреміз» деді

    5:22
  3. قَالَ رَجُلَانِ مِنَ الَّذِينَ يَخَافُونَ أَنْعَمَ اللَّهُ عَلَيْهِمَا ادْخُلُوا عَلَيْهِمُ الْبَابَ فَإِذَا دَخَلْتُمُوهُ فَإِنَّكُمْ غَالِبُونَ ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَتَوَكَّلُوا إِنْ كُنْتُمْ مُؤْمِنِينَ

    Қорыққандардан болып,өздерін Алла нығыметке бөлеген екі кісі: «Олардың үстіне қақпадан кіріңдер.Сонда қашан одан кірсеңдер,сендер үстем болсыңдар.Егер мүмін босаңдар Аллаға тәуекел етіңдер»деді.

    5:23
  4. قَالُوا يَا مُوسَىٰ إِنَّا لَنْ نَدْخُلَهَا أَبَدًا مَا دَامُوا فِيهَا ۖ فَاذْهَبْ أَنْتَ وَرَبُّكَ فَقَاتِلَا إِنَّا هَاهُنَا قَاعِدُونَ

    Әй Мұса! Олар ол жерде тұрғанда біз оған тіпті кірмейміз.Өзің және Раббың барып соғыссыңдар.Әрине біз мұнда отырамыз» деді.

    5:24
  5. قَالَ رَبِّ إِنِّي لَا أَمْلِكُ إِلَّا نَفْسِي وَأَخِي ۖ فَافْرُقْ بَيْنَنَا وَبَيْنَ الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ

    (Мұса Ғ.С): «Раббым! Мен өзіме,туысыма ғана ие бола аламын.Бұзақы елден арамызды ажырата көр!» деді.

    5:25
  6. قَالَ فَإِنَّهَا مُحَرَّمَةٌ عَلَيْهِمْ ۛ أَرْبَعِينَ سَنَةً ۛ يَتِيهُونَ فِي الْأَرْضِ ۚ فَلَا تَأْسَ عَلَى الْقَوْمِ الْفَاسِقِينَ

    (Алла Т.): «Енді оларға,ол жер шынайы түрде қырық жыл арам қылынды.Олар сол жерде абыржып жүреді.Онда бұзақы елге қайғырма»деді.

    5:26

Аударма: Халифа Алтай