Сүре 60 әл-Мүмтәхинә (Сыналушы), аят 1 – 4

  1. يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا عَدُوِّي وَعَدُوَّكُمْ أَوْلِيَاءَ تُلْقُونَ إِلَيْهِمْ بِالْمَوَدَّةِ وَقَدْ كَفَرُوا بِمَا جَاءَكُمْ مِنَ الْحَقِّ يُخْرِجُونَ الرَّسُولَ وَإِيَّاكُمْ ۙ أَنْ تُؤْمِنُوا بِاللَّهِ رَبِّكُمْ إِنْ كُنْتُمْ خَرَجْتُمْ جِهَادًا فِي سَبِيلِي وَابْتِغَاءَ مَرْضَاتِي ۚ تُسِرُّونَ إِلَيْهِمْ بِالْمَوَدَّةِ وَأَنَا أَعْلَمُ بِمَا أَخْفَيْتُمْ وَمَا أَعْلَنْتُمْ ۚ وَمَنْ يَفْعَلْهُ مِنْكُمْ فَقَدْ ضَلَّ سَوَاءَ السَّبِيلِ

    Әй мүміндер! Менің дүшпандарымды да өз дүшпандарыңды да дос түтпаңдар. Олар, сендерге келген шындыққа қарсы келсе де оларга сүйіспеншілік көрсетесіңдер. Олар, Пайғамбарды да сендерді де Раббыларың Аллаға иман келтірдіңдер, деп жүртган шығарды. Сендер Менің жолымда ризалыгымды іздеп, соғысқа шыққанда, оларға жасырын достық істейсіңдер. Мен көрнеу, көмес істегендеріңді де жақсы білемін. Сендерден кім бүны істесе, расында ол тура жолдан адасты. (Балтага үлы Хатып, Мединеден Сара атты әйелмен Меккедегі елге: "Меккені алыну әзірлігі көріліп жатыр" деп, хат жолдайды. Бірақ Пайғамбарга Алла білдіргендіктен бірнеше кісі жіберіп, Сарадагы хатты алдырып, Хатыптан сүралганда: "Бала-шағам Меккеде болғандықтан жаздым" дегеннен кейін Пайғамбар (Ғ.С.) кешірім етеді. Б.Ж.М.К.Т.Х.)

    60:1
  2. إِنْ يَثْقَفُوكُمْ يَكُونُوا لَكُمْ أَعْدَاءً وَيَبْسُطُوا إِلَيْكُمْ أَيْدِيَهُمْ وَأَلْسِنَتَهُمْ بِالسُّوءِ وَوَدُّوا لَوْ تَكْفُرُونَ

    Егер олар сендерге үстем келсе, өздеріңе жау болып, сендерге жаман ниетпен қолдарын созып, тілдерін тигізеді. Қарсы болуларыңды қалайды.

    60:2
  3. لَنْ تَنْفَعَكُمْ أَرْحَامُكُمْ وَلَا أَوْلَادُكُمْ ۚ يَوْمَ الْقِيَامَةِ يَفْصِلُ بَيْنَكُمْ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ

    Сендерге туыстарың да балаларың да ешбір пайда бермейді. Алла қиямет күні, араларыңды ажыратады. Алла істегендеріңді толық біледі.

    60:3
  4. قَدْ كَانَتْ لَكُمْ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ فِي إِبْرَاهِيمَ وَالَّذِينَ مَعَهُ إِذْ قَالُوا لِقَوْمِهِمْ إِنَّا بُرَآءُ مِنْكُمْ وَمِمَّا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ كَفَرْنَا بِكُمْ وَبَدَا بَيْنَنَا وَبَيْنَكُمُ الْعَدَاوَةُ وَالْبَغْضَاءُ أَبَدًا حَتَّىٰ تُؤْمِنُوا بِاللَّهِ وَحْدَهُ إِلَّا قَوْلَ إِبْرَاهِيمَ لِأَبِيهِ لَأَسْتَغْفِرَنَّ لَكَ وَمَا أَمْلِكُ لَكَ مِنَ اللَّهِ مِنْ شَيْءٍ ۖ رَبَّنَا عَلَيْكَ تَوَكَّلْنَا وَإِلَيْكَ أَنَبْنَا وَإِلَيْكَ الْمَصِيرُ

    Расында сендерге Ыбырайым (Ғ.С.) және онымен бірге болғандар, бір көркем өнеге болды. Сол уақытта, олар елдеріне: "Сендерден де Алладан өзге табынғандарыңнан да бездік. Сендермен арамызга мәңгі дүшпандық, өштік бастады. Сендерге Алланың бірлігіне иман келтіргенге дейін қарсымыз" деген. Бірақ Ыбырайым (Ғ.С.) ның әкесіне: "Әрине сен үшін жарылқау тілеймін. Дегенмен Алладан келетін нәрсеге шамам келмейді" деген болатын. "Раббымыз, Саған тәуекел еттік, Саған қайттық әрі барар жеріміз Сен жақ."

    60:4

Аударма: Халифа Алтай