Сүре 64 әт-Тәғабун (Көңіл қайту)
-
يُسَبِّحُ لِلَّهِ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ ۖ لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ ۖ وَهُوَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ
Көктердегі және жердегі нәрселер Алланы дәріптейді. Патшалық Оған тән, мақтау Оган лайық. Сондай-ақ Оның әр нәрсеге толық күші жетуші.
64:1 -
هُوَ الَّذِي خَلَقَكُمْ فَمِنْكُمْ كَافِرٌ وَمِنْكُمْ مُؤْمِنٌ ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ بَصِيرٌ
Ол сондай сендерді жаратқан Алла. Сонда кейбіреулерің қарсы келесіңдер де кейбіреулерің иман келтіресіңдер. Алла істеген істеріңді толық көруші.
64:2 -
خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ بِالْحَقِّ وَصَوَّرَكُمْ فَأَحْسَنَ صُوَرَكُمْ ۖ وَإِلَيْهِ الْمَصِيرُ
Көктер мен жерді хақиқат бойынша жаратты. Ол, сендерді бейнелегенде көркем бейнелеген. Әрі қайтар жерлерің Сол жақ.
64:3 -
يَعْلَمُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَيَعْلَمُ مَا تُسِرُّونَ وَمَا تُعْلِنُونَ ۚ وَاللَّهُ عَلِيمٌ بِذَاتِ الصُّدُورِ
Ол, көктер мен жерде болган нәрселерді біледі. Сондай-ақ жасырғандарыңды да әшкерелегендеріңді де біледі. Әрі көкіректегілерді толық біледі.
64:4 -
أَلَمْ يَأْتِكُمْ نَبَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِنْ قَبْلُ فَذَاقُوا وَبَالَ أَمْرِهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ
Сендерге бүрынғы қарсы болгандардың әңгімесі келмеді ме? Олар істегендерінің жазасын татты. Олар үшін тағы күйзелтуші азап бар.
64:5 -
ذَٰلِكَ بِأَنَّهُ كَانَتْ تَأْتِيهِمْ رُسُلُهُمْ بِالْبَيِّنَاتِ فَقَالُوا أَبَشَرٌ يَهْدُونَنَا فَكَفَرُوا وَتَوَلَّوْا ۚ وَاسْتَغْنَى اللَّهُ ۚ وَاللَّهُ غَنِيٌّ حَمِيدٌ
БҮЛ, өздеріне пайғамбарлары ашық дәлелдермен келгенде: "Бізді адам тура жолға сала ма?",- деп қарсы шығып, бет бүргандықтарының салдарынан. Алла, оларга мүхтаж емес екендігін көрсетті. Өйткені, Алла, мүңсыз, мақтауға лайық.
64:6 -
زَعَمَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنْ لَنْ يُبْعَثُوا ۚ قُلْ بَلَىٰ وَرَبِّي لَتُبْعَثُنَّ ثُمَّ لَتُنَبَّؤُنَّ بِمَا عَمِلْتُمْ ۚ وَذَٰلِكَ عَلَى اللَّهِ يَسِيرٌ
Сондай қарсы болғандар, әсте қайта тірілмейміз деп ойлайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Жоқ, Раббыма ант етемін. Әлбетте өлгеннен кейін қайта тірілесіңдер. Сосын сендерге не істегендерің түсіндіріледі. Осылар Аллаға оңай" де.
64:7 -
فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ وَالنُّورِ الَّذِي أَنْزَلْنَا ۚ وَاللَّهُ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيرٌ
Ендеше Аллаға, Елшісіне және Біз түсірген нүрга иман келтіріңдер. Алла (Т.) істегендеріңді толық біледі.
64:8 -
يَوْمَ يَجْمَعُكُمْ لِيَوْمِ الْجَمْعِ ۖ ذَٰلِكَ يَوْمُ التَّغَابُنِ ۗ وَمَنْ يُؤْمِنْ بِاللَّهِ وَيَعْمَلْ صَالِحًا يُكَفِّرْ عَنْهُ سَيِّئَاتِهِ وَيُدْخِلْهُ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ خَالِدِينَ فِيهَا أَبَدًا ۚ ذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ
Жиналатын күні; ол күні, сендерді жинайды. Міне сол, кімнің алданғаны ортаға шыгатын күн. Кім Аллаға иман келтіріп, ізгі іс істесе; Алла оның жамандығын жояды да оны астарынан өзендер ағатын бейіштерге кіргізеді. Онда олар мәңгі қалады. Осы зор қол жеткендік.
64:9 -
وَالَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِآيَاتِنَا أُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ خَالِدِينَ فِيهَا ۖ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ
Сондай қарсы келіп, аяттарымызды жасынға айналдырғандар; міне солар, тозақтық болып, онда мәңгі қалады; нендей жаман орын.
64:10 -
مَا أَصَابَ مِنْ مُصِيبَةٍ إِلَّا بِإِذْنِ اللَّهِ ۗ وَمَنْ يُؤْمِنْ بِاللَّهِ يَهْدِ قَلْبَهُ ۚ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ
Алладан бүйрықсыз ешбір қайгы-қасірет болмайды. Ал және кім Аллаға иман келтірсе, оның жүрегін түзейді. Алла барлық нәрсені толық білуші.
64:11 -
وَأَطِيعُوا اللَّهَ وَأَطِيعُوا الرَّسُولَ ۚ فَإِنْ تَوَلَّيْتُمْ فَإِنَّمَا عَلَىٰ رَسُولِنَا الْبَلَاغُ الْمُبِينُ
Аллаға да бой үсыныңдар әрі Елшісіне де бағыныңдар. Егер бет бүрсақдар, Елшімізге насиқат ету ғана міндет.
64:12 -
اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۚ وَعَلَى اللَّهِ فَلْيَتَوَكَّلِ الْمُؤْمِنُونَ
Алла бар. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан мүміндер, Аллаға тәуекел етсін.
64:13 -
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِنَّ مِنْ أَزْوَاجِكُمْ وَأَوْلَادِكُمْ عَدُوًّا لَكُمْ فَاحْذَرُوهُمْ ۚ وَإِنْ تَعْفُوا وَتَصْفَحُوا وَتَغْفِرُوا فَإِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَحِيمٌ
Әй мүміндер! Сөзсіз әйелдеріңнен балаларыңнан өздеріңе дүшпан болатындар да бар. Олардан сақсыныңдар. Егер оларды кешірім етсеңдер, шыгыссаңдар, жарылқасаңдар, шәксіз Алла, өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
64:14 -
إِنَّمَا أَمْوَالُكُمْ وَأَوْلَادُكُمْ فِتْنَةٌ ۚ وَاللَّهُ عِنْدَهُ أَجْرٌ عَظِيمٌ
Шын мәнінде малдарың, балаларың бір сынақ. Үлкен сыйлық Алланың қасындагы. (9-С. 23-А)
64:15 -
فَاتَّقُوا اللَّهَ مَا اسْتَطَعْتُمْ وَاسْمَعُوا وَأَطِيعُوا وَأَنْفِقُوا خَيْرًا لِأَنْفُسِكُمْ ۗ وَمَنْ يُوقَ شُحَّ نَفْسِهِ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ
Сондықтан шамаларың келгенінше Алладан қорқыңдар. (Әмірлерін) тыңдаңдар, бой үсыныңдар. Сондай-ақ тиісті орындарга мал жүмсаңдар; сендер үшін хайырлы болсын. Кім нәпсісінің сараңдығынан сақсынса, міне олар, қүтылушылар.
64:16 -
إِنْ تُقْرِضُوا اللَّهَ قَرْضًا حَسَنًا يُضَاعِفْهُ لَكُمْ وَيَغْفِرْ لَكُمْ ۚ وَاللَّهُ شَكُورٌ حَلِيمٌ
Егер, Аллаға көркем қарыз берсеңдер, (тиісті орынға мал сарып қылсаңдар, 57-С. 11-А.) оны сендер үшін неше есе арттырады әрі сендерді жарылқайды. Алла шүкірлікті багалаушы, өте жүмсақ.
64:17 -
عَالِمُ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ الْعَزِيزُ الْحَكِيمُ
Көместі де көрнеуді де білуші. Үстем, хикмет иесі.
64:18
Аударма: Халифа Алтай