Сүре 6 әл-Ән'ам (Шаруа малдары), аят 138 – 139

  1. وَقَالُوا هَٰذِهِ أَنْعَامٌ وَحَرْثٌ حِجْرٌ لَا يَطْعَمُهَا إِلَّا مَنْ نَشَاءُ بِزَعْمِهِمْ وَأَنْعَامٌ حُرِّمَتْ ظُهُورُهَا وَأَنْعَامٌ لَا يَذْكُرُونَ اسْمَ اللَّهِ عَلَيْهَا افْتِرَاءً عَلَيْهِ ۚ سَيَجْزِيهِمْ بِمَا كَانُوا يَفْتَرُونَ

    Олар оларынша: «Бұл малдар мен егіндер арам. Біздің қалағандарымыз ғана жейді. Және осы хайуандардың арқалары(Мініске, жүкке) арам етілген» деген. Тағы бір малдар (бауыздағанда) оған қасарысып, Алланың атын айтпайды. Алла оларды өтірік жала жабулары себепті жазаландырады.

    6:138
  2. وَقَالُوا مَا فِي بُطُونِ هَٰذِهِ الْأَنْعَامِ خَالِصَةٌ لِذُكُورِنَا وَمُحَرَّمٌ عَلَىٰ أَزْوَاجِنَا ۖ وَإِنْ يَكُنْ مَيْتَةً فَهُمْ فِيهِ شُرَكَاءُ ۚ سَيَجْزِيهِمْ وَصْفَهُمْ ۚ إِنَّهُ حَكِيمٌ عَلِيمٌ

    Және олар: «Бұл малдың қарындарындағылар (тірі шықса) ерлерімізге ғана тән, әйелдерімізге арам» деп, егер өлі шықса онда олар ортак. Алла олардың орынсыз сөйлеулерінің жазасын береді. Күдіксіз Алла хикмет иесі, толық білуші.

    6:139

Аударма: Халифа Алтай