Сүре 6 әл-Ән'ам (Шаруа малдары)

  1. بَلْ إِيَّاهُ تَدْعُونَ فَيَكْشِفُ مَا تَدْعُونَ إِلَيْهِ إِنْ شَاءَ وَتَنْسَوْنَ مَا تُشْرِكُونَ

    Керісінше, Ол Алланы ғана шақырасыңдар да Ол қаласа, шақырған нәрселеріңнен айықтырады. Қосқан ортақтарыңды ұмытасыңдар….

    6:41
  2. وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا إِلَىٰ أُمَمٍ مِنْ قَبْلِكَ فَأَخَذْنَاهُمْ بِالْبَأْسَاءِ وَالضَّرَّاءِ لَعَلَّهُمْ يَتَضَرَّعُونَ

    Расында сенен бұрыңғы үммметтерге де (пайғамбар) жіберген едік… Олар жалбарынсын деп, таршылық, қиыншылық арқылы қолға алдық.

    6:42
  3. فَلَوْلَا إِذْ جَاءَهُمْ بَأْسُنَا تَضَرَّعُوا وَلَٰكِنْ قَسَتْ قُلُوبُهُمْ وَزَيَّنَ لَهُمُ الشَّيْطَانُ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ

    Сонда оларға таршылығымыз келген заман жалбарынса еді. Бірақ олардың жүректері қатайған және шайтан оларға істегендерін әдемі көрсеткен.

    6:43
  4. فَلَمَّا نَسُوا مَا ذُكِّرُوا بِهِ فَتَحْنَا عَلَيْهِمْ أَبْوَابَ كُلِّ شَيْءٍ حَتَّىٰ إِذَا فَرِحُوا بِمَا أُوتُوا أَخَذْنَاهُمْ بَغْتَةً فَإِذَا هُمْ مُبْلِسُونَ

    Сөйтіп олар берілген үгітті ұмытқан кезде, оларға әр нәрсенің есігін ашып жібердік. Хатте берілген нәрсеге мәз- мейрам болғанға дейін. Оларды кенеттен қолға алғанымызда, сол уақытта олар, күдерлерін бір- ақ үзді.

    6:44
  5. فَقُطِعَ دَابِرُ الْقَوْمِ الَّذِينَ ظَلَمُوا ۚ وَالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

    Сонда зұлымдық қылған елдің арты кесілді. Және барлық мақтау әлемдердің Раббы Аллаға тән.

    6:45
  6. قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ أَخَذَ اللَّهُ سَمْعَكُمْ وَأَبْصَارَكُمْ وَخَتَمَ عَلَىٰ قُلُوبِكُمْ مَنْ إِلَٰهٌ غَيْرُ اللَّهِ يَأْتِيكُمْ بِهِ ۗ انْظُرْ كَيْفَ نُصَرِّفُ الْآيَاتِ ثُمَّ هُمْ يَصْدِفُونَ

    (Әй Мұхамед Ғ.С.): «Егер Алла есту, көру сезімдеріңді алып, жүректеріңді мөрлесе, Алладан басқа сендерге оны әкелетін тәңір кім? Маған білдіріңдер» де. Қара! Аяттарымызды қандай айырып түсіндіреміз. Одан кейінде олар, одан жүз бұрады.

    6:46
  7. قُلْ أَرَأَيْتَكُمْ إِنْ أَتَاكُمْ عَذَابُ اللَّهِ بَغْتَةً أَوْ جَهْرَةً هَلْ يُهْلَكُ إِلَّا الْقَوْمُ الظَّالِمُونَ

    (Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: «Маған көрсетіңдер! Егер сендерге кенеттен немесе көрнеу Алланың азабы келсе, залым елден басқа кім жоқ етіледі?»

    6:47
  8. وَمَا نُرْسِلُ الْمُرْسَلِينَ إِلَّا مُبَشِّرِينَ وَمُنْذِرِينَ ۖ فَمَنْ آمَنَ وَأَصْلَحَ فَلَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ

    Елшілерімізді қуантушы әрі қорқытушы етіп жібереміз. Сонда кім иман келтіріп өзін түзелтсе, онда оларға қорқу жоқ әрі қайғырмайды.

    6:48
  9. وَالَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا يَمَسُّهُمُ الْعَذَابُ بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ

    Және аяттарымызды жасынға шығарғандарды зұлымдықтары себепті азап қолға алады.

    6:49
  10. قُلْ لَا أَقُولُ لَكُمْ عِنْدِي خَزَائِنُ اللَّهِ وَلَا أَعْلَمُ الْغَيْبَ وَلَا أَقُولُ لَكُمْ إِنِّي مَلَكٌ ۖ إِنْ أَتَّبِعُ إِلَّا مَا يُوحَىٰ إِلَيَّ ۚ قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الْأَعْمَىٰ وَالْبَصِيرُ ۚ أَفَلَا تَتَفَكَّرُونَ

    (Әй Мұхаммед Ғ.С. Оларға) айт: «Жанымда Алланың қазынасы бар демеймін, көместі де білмеймін. Және сендерге періштемін де демеймін. Мен өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін. Көзді мен көзсіз тең бе? Ойламайсыңдар ма?»,- де.

    6:50
  11. وَأَنْذِرْ بِهِ الَّذِينَ يَخَافُونَ أَنْ يُحْشَرُوا إِلَىٰ رَبِّهِمْ ۙ لَيْسَ لَهُمْ مِنْ دُونِهِ وَلِيٌّ وَلَا شَفِيعٌ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ

    Раббыларының алдына жиналудан қорыққандарға онымен ескерт. Олар үшін Алладан өзге бір дос та қолдаушы да жоқ. Олардың сақсынулары керек.

    6:51
  12. وَلَا تَطْرُدِ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُمْ بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ ۖ مَا عَلَيْكَ مِنْ حِسَابِهِمْ مِنْ شَيْءٍ وَمَا مِنْ حِسَابِكَ عَلَيْهِمْ مِنْ شَيْءٍ فَتَطْرُدَهُمْ فَتَكُونَ مِنَ الظَّالِمِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.) сондай күндіз- түні Раббыларына жалбарынып, Оның дидарын тілегендерді қума. Олардың еесбінен саған еш нәрсе жоқ. Және сенің есебінен оларға да еш нәрсе жоқ. (бір- біріңе жауапкершілік жоқ.) Сондықтан оларды қусаң зұлымдық қылғандардан боласың.

    6:52
  13. وَكَذَٰلِكَ فَتَنَّا بَعْضَهُمْ بِبَعْضٍ لِيَقُولُوا أَهَٰؤُلَاءِ مَنَّ اللَّهُ عَلَيْهِمْ مِنْ بَيْنِنَا ۗ أَلَيْسَ اللَّهُ بِأَعْلَمَ بِالشَّاكِرِينَ

    (Құрайш бастықтары Пайғамбарға: «жаныңдағы нашар адамдармен бірге отырудан арланамыз. Оларды қуып жіберсең келіп отырар едік» деген екен. Осылайша олардан кейін, кейі арқылы (Құрайштың бастықтары жарлы Мұсылмандарды): «Арамыздан Алланың игілік еткен адамдары осы ма?»,- деулері үшін сынадық. Алла (Т.) шүкірлік еткендері біледі емес пе?

    6:53
  14. وَإِذَا جَاءَكَ الَّذِينَ يُؤْمِنُونَ بِآيَاتِنَا فَقُلْ سَلَامٌ عَلَيْكُمْ ۖ كَتَبَ رَبُّكُمْ عَلَىٰ نَفْسِهِ الرَّحْمَةَ ۖ أَنَّهُ مَنْ عَمِلَ مِنْكُمْ سُوءًا بِجَهَالَةٍ ثُمَّ تَابَ مِنْ بَعْدِهِ وَأَصْلَحَ فَأَنَّهُ غَفُورٌ رَحِيمٌ

    қашан саған аяттарымызға сенгендер келсе: «Сәламүн Ғалейкүм (Сендерге есендік болсын)» де. Раббыларың мәрхамет етуді өз үстіне алған. Шәксіз Алла, сендерден біреу, білмей бір жамандық істеп, сонан кейін тәубе қылып, өзін түзелтсе, сөз жоқ. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.

    6:54
  15. وَكَذَٰلِكَ نُفَصِّلُ الْآيَاتِ وَلِتَسْتَبِينَ سَبِيلُ الْمُجْرِمِينَ

    Осылайша күнәкарлардың жолы анықталуы үшін аяттарымызды ашалап баян етеміз.

    6:55
  16. قُلْ إِنِّي نُهِيتُ أَنْ أَعْبُدَ الَّذِينَ تَدْعُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ ۚ قُلْ لَا أَتَّبِعُ أَهْوَاءَكُمْ ۙ قَدْ ضَلَلْتُ إِذًا وَمَا أَنَا مِنَ الْمُهْتَدِينَ

    «Расында мен Алладан басқа сиынғандарыңа құлшылық етуден тосылдым» де. «Сендердің ойларыңа қосылмаймын. Ол уақытта адасқан сондай-ақ тура жол таппағандардан боламын» де (Мұхаммед Ғ.С.).

    6:56
  17. قُلْ إِنِّي عَلَىٰ بَيِّنَةٍ مِنْ رَبِّي وَكَذَّبْتُمْ بِهِ ۚ مَا عِنْدِي مَا تَسْتَعْجِلُونَ بِهِ ۚ إِنِ الْحُكْمُ إِلَّا لِلَّهِ ۖ يَقُصُّ الْحَقَّ ۖ وَهُوَ خَيْرُ الْفَاصِلِينَ

    (Мұхаммед Ғ.С.): «Шынында мен Раббым тарапынан ашық дәлел үстіндемін. Сендер оны жалғандадыңдар. Сендер, жедел тілеген (азап) менде жоқ. Билік Аллаға ғана тән. Ол туралықпен үкім етеді. Және Ол үкіметушілердің ең жақсысы » де.

    6:57
  18. قُلْ لَوْ أَنَّ عِنْدِي مَا تَسْتَعْجِلُونَ بِهِ لَقُضِيَ الْأَمْرُ بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ ۗ وَاللَّهُ أَعْلَمُ بِالظَّالِمِينَ

    «Егер сендердің асығыс тілегендерің менде болса еді, әрине сендер мен менің арамда іс біткен болар еді» де. Алла (Т.) залымдарды толык біледі.

    6:58
  19. وَعِنْدَهُ مَفَاتِحُ الْغَيْبِ لَا يَعْلَمُهَا إِلَّا هُوَ ۚ وَيَعْلَمُ مَا فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ ۚ وَمَا تَسْقُطُ مِنْ وَرَقَةٍ إِلَّا يَعْلَمُهَا وَلَا حَبَّةٍ فِي ظُلُمَاتِ الْأَرْضِ وَلَا رَطْبٍ وَلَا يَابِسٍ إِلَّا فِي كِتَابٍ مُبِينٍ

    Көместің кілттері Оның жанында. Оны Ол, өзі ғана біледі. Және құрылықтағы, теңіздегі нәрселерді біледі. Бір жапырақ түссе де, Алла оны біледі. Және жердің қараңғылықтарындағы құрғақ және жас ұрыққа дейін ашық Кітапта бар.

    6:59
  20. وَهُوَ الَّذِي يَتَوَفَّاكُمْ بِاللَّيْلِ وَيَعْلَمُ مَا جَرَحْتُمْ بِالنَّهَارِ ثُمَّ يَبْعَثُكُمْ فِيهِ لِيُقْضَىٰ أَجَلٌ مُسَمًّى ۖ ثُمَّ إِلَيْهِ مَرْجِعُكُمْ ثُمَّ يُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ

    Ол сондай түнде сендерді өлідей ұйықтатады. Және күндіз не істегендеріңді біледі. Сонан соң сендерді белгілі бір мерзім толтыру үшін күндіз оятады. Соңыра қайтып барар жерлерің Сол жак. Одан кейін істеген істеріңді түсіндіреді.

    6:60

Аударма: Халифа Алтай