Сүре 74 әл-Мүддәссір (Жасырулы), аят 1 – 25

  1. يَا أَيُّهَا الْمُدَّثِّرُ

    (Мұхаммед Ғ.С. алғаш Жебрейіл Ғ.С. ді көргенде қобалжып: "Жабыңдар, мені жабыңдар" деп жамылып жатады. Б.Ж.М.Р.) Әй жамылушы!

    74:1
  2. قُمْ فَأَنْذِرْ

    Түр енді! Адамдарга ескерт!

    74:2
  3. وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ

    Раббыңды үлықта!

    74:3
  4. وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ

    Киіміңді тазала!

    74:4
  5. وَالرُّجْزَ فَاهْجُرْ

    Әр түрлі лас істерден аулақ бол!

    74:5
  6. وَلَا تَمْنُنْ تَسْتَكْثِرُ

    (Қылған ісіңді) көп міндет қылма.

    74:6
  7. وَلِرَبِّكَ فَاصْبِرْ

    Раббың үшін сабыр ет.

    74:7
  8. فَإِذَا نُقِرَ فِي النَّاقُورِ

    Қашан Сүр үрілсе;

    74:8
  9. فَذَٰلِكَ يَوْمَئِذٍ يَوْمٌ عَسِيرٌ

    Міне сол күн, өте ауыр күн.

    74:9
  10. عَلَى الْكَافِرِينَ غَيْرُ يَسِيرٍ

    Негізінен қарсы келушілерге қолайсыз. (Қүрайш руынан Мүғайяра үлы Уәлит Қүранды әсерлі жады деген. Б.Ж.Р.М.Х.Т.)

    74:10
  11. ذَرْنِي وَمَنْ خَلَقْتُ وَحِيدًا

    Мен жалғыз жаратқан кісіні өзіме таста.

    74:11
  12. وَجَعَلْتُ لَهُ مَالًا مَمْدُودًا

    Оған көптеген мал бердім.

    74:12
  13. وَبَنِينَ شُهُودًا

    Әзір түратын үлдар бердім.

    74:13
  14. وَمَهَّدْتُ لَهُ تَمْهِيدًا

    Оның жағдайын кеңітіп, ықпалын арттырдым.

    74:14
  15. ثُمَّ يَطْمَعُ أَنْ أَزِيدَ

    Сосын тағы да арттыра түсуімді үміт етті.

    74:15
  16. كَلَّا ۖ إِنَّهُ كَانَ لِآيَاتِنَا عَنِيدًا

    Әсте болмайды. Өйткені ол, қасарысқан еді.

    74:16
  17. سَأُرْهِقُهُ صَعُودًا

    Жақында оны өрге зорлаймын.

    74:17
  18. إِنَّهُ فَكَّرَ وَقَدَّرَ

    Өйткені ол, ойластырып, шамалады.

    74:18
  19. فَقُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ

    Сосын ол өлгір, қалай шамалады?

    74:19
  20. ثُمَّ قُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ

    Содан кейін ол жаны шыққыр, қайтып мөлшерледі?

    74:20
  21. ثُمَّ نَظَرَ

    Сосын ол, қарады.

    74:21
  22. ثُمَّ عَبَسَ وَبَسَرَ

    Содан кейін ол, қабағын шытып, томсарды.

    74:22
  23. ثُمَّ أَدْبَرَ وَاسْتَكْبَرَ

    Сосын ол, теріс айналып паңданды.

    74:23
  24. فَقَالَ إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ يُؤْثَرُ

    Сонда ол: "Бүл, үйретіліп келе жатқан бір сиқыр" деді.

    74:24
  25. إِنْ هَٰذَا إِلَّا قَوْلُ الْبَشَرِ

    "Бұл, адамның ғана сөзі."

    74:25

Аударма: Халифа Алтай