Сүре 76 әл-Інсан (Сана иесі)
-
هَلْ أَتَىٰ عَلَى الْإِنْسَانِ حِينٌ مِنَ الدَّهْرِ لَمْ يَكُنْ شَيْئًا مَذْكُورًا
Адамзат еске аларлық бір нәрсе болғанға дейін дәуірден бірталай мерзім өтпеді ме?
76:1 -
إِنَّا خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ مِنْ نُطْفَةٍ أَمْشَاجٍ نَبْتَلِيهِ فَجَعَلْنَاهُ سَمِيعًا بَصِيرًا
Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық.
76:2 -
إِنَّا هَدَيْنَاهُ السَّبِيلَ إِمَّا شَاكِرًا وَإِمَّا كَفُورًا
Расында оған тура жол көрсеттік. Мейлі шүкірлік қылсын, мейлі қарсы келсін.
76:3 -
إِنَّا أَعْتَدْنَا لِلْكَافِرِينَ سَلَاسِلَ وَأَغْلَالًا وَسَعِيرًا
Әрине, қарсы келушілер үшін шынжырлар, боғаулар және жалындаган тозақ әзірледік.
76:4 -
إِنَّ الْأَبْرَارَ يَشْرَبُونَ مِنْ كَأْسٍ كَانَ مِزَاجُهَا كَافُورًا
Әрине жақсылар, жаннатта: "Кәфүр" қосылған кеседен ішеді.
76:5 -
عَيْنًا يَشْرَبُ بِهَا عِبَادُ اللَّهِ يُفَجِّرُونَهَا تَفْجِيرًا
Ол, Алланың қүлдары ішетін, қалаған жағына ағызатын бастау.
76:6 -
يُوفُونَ بِالنَّذْرِ وَيَخَافُونَ يَوْمًا كَانَ شَرُّهُ مُسْتَطِيرًا
Ол Алланың қтлдары "нәзірін" орындайды әрі апаты етек алатын бір ктннен қорқады.
76:7 -
وَيُطْعِمُونَ الطَّعَامَ عَلَىٰ حُبِّهِ مِسْكِينًا وَيَتِيمًا وَأَسِيرًا
Тамақты жақсы көре ттра міскінге, жетімге және түтқынга жегізеді.
76:8 -
إِنَّمَا نُطْعِمُكُمْ لِوَجْهِ اللَّهِ لَا نُرِيدُ مِنْكُمْ جَزَاءً وَلَا شُكُورًا
Олар: "Шын мәнінде сендерді Алланың ризалығы үшін тамақтандырамыз. Сендерден бір төлеу, алғыс тілемейміз."
76:9 -
إِنَّا نَخَافُ مِنْ رَبِّنَا يَوْمًا عَبُوسًا قَمْطَرِيرًا
"Расында біз түксиіп қатты томсарған күннен Раббымыздан қорқамыз." (дейді)
76:10 -
فَوَقَاهُمُ اللَّهُ شَرَّ ذَٰلِكَ الْيَوْمِ وَلَقَّاهُمْ نَضْرَةً وَسُرُورًا
Сондықтан Алла, оларды сол күннің апатынан сақтап, жарық жүз әрі қуанышқа бөлейді.
76:11 -
وَجَزَاهُمْ بِمَا صَبَرُوا جَنَّةً وَحَرِيرًا
Оларды сабыр еткендіктері үшін үжмақ және жібекпен сыйлайды.
76:12 -
مُتَّكِئِينَ فِيهَا عَلَى الْأَرَائِكِ ۖ لَا يَرَوْنَ فِيهَا شَمْسًا وَلَا زَمْهَرِيرًا
Олар, ол арада дивандарга жастанған түрде отырады. Олар онда ыстық та суық та көрмейді.
76:13 -
وَدَانِيَةً عَلَيْهِمْ ظِلَالُهَا وَذُلِّلَتْ قُطُوفُهَا تَذْلِيلًا
Оларға бейіштің көлеңкелері иіліп, жемістері мүлде еріктерінде болады.
76:14 -
وَيُطَافُ عَلَيْهِمْ بِآنِيَةٍ مِنْ فِضَّةٍ وَأَكْوَابٍ كَانَتْ قَوَارِيرَا
Оларға күмістен ыдыстар, шыныдан қүмыралар үсынылады.
76:15 -
قَوَارِيرَ مِنْ فِضَّةٍ قَدَّرُوهَا تَقْدِيرًا
Күмістен шынылары өлшеумен толтырылган болады.
76:16 -
وَيُسْقَوْنَ فِيهَا كَأْسًا كَانَ مِزَاجُهَا زَنْجَبِيلًا
Бейіште оларға "Зәнжәбил" араластырылған ішімдік кәсемен ішкізіледі.
76:17 -
عَيْنًا فِيهَا تُسَمَّىٰ سَلْسَبِيلًا
Ол, бейіште "Сәлсәбил" деп аталатын бір бастау бар.
76:18 -
وَيَطُوفُ عَلَيْهِمْ وِلْدَانٌ مُخَلَّدُونَ إِذَا رَأَيْتَهُمْ حَسِبْتَهُمْ لُؤْلُؤًا مَنْثُورًا
Олардың айналасында мәңгілік қызметші жастар болады. Оларды көрсең шашылған інжу деп ойлайсың.
76:19 -
وَإِذَا رَأَيْتَ ثَمَّ رَأَيْتَ نَعِيمًا وَمُلْكًا كَبِيرًا
Сол жерге қараган сәтте; нығымет, зор салтанат көресің.
76:20
Аударма: Халифа Алтай