Сүре 7 әл-А'раф (Биік тосқауылдар), аят 115 – 126
-
قَالُوا يَا مُوسَىٰ إِمَّا أَنْ تُلْقِيَ وَإِمَّا أَنْ نَكُونَ نَحْنُ الْمُلْقِينَ
(Сқыршылар): Ә Мұса! Енді (өңеріңді ортаға) не сен қой немесе біздер қойяық деді.
7:115 -
قَالَ أَلْقُوا ۖ فَلَمَّا أَلْقَوْا سَحَرُوا أَعْيُنَ النَّاسِ وَاسْتَرْهَبُوهُمْ وَجَاءُوا بِسِحْرٍ عَظِيمٍ
(Мұса Ғ.С.): «Сеңдер қойыңдар» деді. Олар (өңерлерін) қойған сәтте, адамдардың көздерін сиқырлап, оларды қорқытты. Сондай-ақ үлкен бір сиқыр келтірді.
7:116 -
وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ أَنْ أَلْقِ عَصَاكَ ۖ فَإِذَا هِيَ تَلْقَفُ مَا يَأْفِكُونَ
Мұсаға: «Таяғыңды таста» деп уахи еттік. Сол сәтте, таяқ олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады.
7:117 -
فَوَقَعَ الْحَقُّ وَبَطَلَ مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ
Сонда шындық ортаға қойылып, олардың істегендері босқа кетті.
7:118 -
فَغُلِبُوا هُنَالِكَ وَانْقَلَبُوا صَاغِرِينَ
Сөйтіп олар сол арада жеңіліске ұшырап, қор болып қайтты.
7:119 -
وَأُلْقِيَ السَّحَرَةُ سَاجِدِينَ
Сиқыршылар сәждеге жығылды.
7:120 -
قَالُوا آمَنَّا بِرَبِّ الْعَالَمِينَ
Олар: «Бүкіл әлемнің Раббына сендік» деді.
7:121 -
رَبِّ مُوسَىٰ وَهَارُونَ
«Мұса мен һарунның Раббына….»
7:122 -
قَالَ فِرْعَوْنُ آمَنْتُمْ بِهِ قَبْلَ أَنْ آذَنَ لَكُمْ ۖ إِنَّ هَٰذَا لَمَكْرٌ مَكَرْتُمُوهُ فِي الْمَدِينَةِ لِتُخْرِجُوا مِنْهَا أَهْلَهَا ۖ فَسَوْفَ تَعْلَمُونَ
(Перғауын): «Мен сендерге рұқсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Расында бұл, қала халқын шығару үшін жасаған бір әдістерің. Бәлем жақында көресіңдер.» деді.
7:123 -
لَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ مِنْ خِلَافٍ ثُمَّ لَأُصَلِّبَنَّكُمْ أَجْمَعِينَ
«Әрине қол-аяқтарыңды шадырлата кестіремін, сонсоң түгелдей астырамын»
7:124 -
قَالُوا إِنَّا إِلَىٰ رَبِّنَا مُنْقَلِبُونَ
(Сиқыршылар): Сөзсіз, Раббымызға айналамыз! ,- деді.
7:125 -
وَمَا تَنْقِمُ مِنَّا إِلَّا أَنْ آمَنَّا بِآيَاتِ رَبِّنَا لَمَّا جَاءَتْنَا ۚ رَبَّنَا أَفْرِغْ عَلَيْنَا صَبْرًا وَتَوَفَّنَا مُسْلِمِينَ
«Сен, бізден Раббымыздың аяттары келгенде иман келтірді деп қана өш аласың. Раббымыз! Бізге сабыр бер әрі бізді Мұсылман болған күйде өлтір!….»
7:126
Аударма: Халифа Алтай