Сүре 7 әл-А'раф (Биік тосқауылдар), аят 143 – 145

  1. وَلَمَّا جَاءَ مُوسَىٰ لِمِيقَاتِنَا وَكَلَّمَهُ رَبُّهُ قَالَ رَبِّ أَرِنِي أَنْظُرْ إِلَيْكَ ۚ قَالَ لَنْ تَرَانِي وَلَٰكِنِ انْظُرْ إِلَى الْجَبَلِ فَإِنِ اسْتَقَرَّ مَكَانَهُ فَسَوْفَ تَرَانِي ۚ فَلَمَّا تَجَلَّىٰ رَبُّهُ لِلْجَبَلِ جَعَلَهُ دَكًّا وَخَرَّ مُوسَىٰ صَعِقًا ۚ فَلَمَّا أَفَاقَ قَالَ سُبْحَانَكَ تُبْتُ إِلَيْكَ وَأَنَا أَوَّلُ الْمُؤْمِنِينَ

    (Рауаят бойынша, Мұса еліне: «Перғауыннан құтылсақ, Алла тарапынан Бір Кітап келтіремін» дейді. Сондықтан құтылғаннан кейін Алалның әмірі бойынша Тұр тауында қырық күн ораза ұстағаннан кейін Алламен сөйлесіп тәурат түседі. Мұса (Ғ.С.), белгілі уәдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде , (Мұса Ғ.С.): «Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін» деді. (Алла): «Мені, әсте көре алмайсың; бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді. Сонда Раббы тауға елестеген сәтте, оны быт- шыт қылды. Мұса (Ғ.С) да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пксің, Саған тәубе еттім, әрі мен сенушілердің алғашқысымын» деді.

    7:143
  2. قَالَ يَا مُوسَىٰ إِنِّي اصْطَفَيْتُكَ عَلَى النَّاسِ بِرِسَالَاتِي وَبِكَلَامِي فَخُذْ مَا آتَيْتُكَ وَكُنْ مِنَ الشَّاكِرِينَ

    (Алла Т.): «әй Мұса! Шынында сені адамдардан елшілікке және сөйлесуге таңдап алдым. Ендеше, саған бергендерімді ал да, шүкірлік етушілерден бол» деді.

    7:144
  3. وَكَتَبْنَا لَهُ فِي الْأَلْوَاحِ مِنْ كُلِّ شَيْءٍ مَوْعِظَةً وَتَفْصِيلًا لِكُلِّ شَيْءٍ فَخُذْهَا بِقُوَّةٍ وَأْمُرْ قَوْمَكَ يَأْخُذُوا بِأَحْسَنِهَا ۚ سَأُرِيكُمْ دَارَ الْفَاسِقِينَ

    Мұса (Ғ.С.) ға (Тәурат) тақтайларында әр нәрсені үгіт түрінде ашалап жазған едік: «Сонда оны мықты ұста және еліңе әмір ет. Оның көркем нұсқауларын алсын. Саған, бұзақылардың жұртын көрсетемін?»

    7:145

Аударма: Халифа Алтай