Сүре 7 әл-А'раф (Биік тосқауылдар), аят 72 – 77

  1. فَأَنْجَيْنَاهُ وَالَّذِينَ مَعَهُ بِرَحْمَةٍ مِنَّا وَقَطَعْنَا دَابِرَ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا ۖ وَمَا كَانُوا مُؤْمِنِينَ

    Сонда Һұд (Ғ.С.) ты, онымен бірге болғандары мәрхаметімізбен құтқардық та аяттарымызды жасынға шығарғандардың және сенбегендердің артын үздік.

    7:72
  2. وَإِلَىٰ ثَمُودَ أَخَاهُمْ صَالِحًا ۗ قَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُمْ مِنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ قَدْ جَاءَتْكُمْ بَيِّنَةٌ مِنْ رَبِّكُمْ ۖ هَٰذِهِ نَاقَةُ اللَّهِ لَكُمْ آيَةً ۖ فَذَرُوهَا تَأْكُلْ فِي أَرْضِ اللَّهِ ۖ وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوءٍ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ

    және Сәмүд еліне туыстары Салих (Ғ.С.) ды жібердік: “Әй қауымым! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық мұғжиза келді. Міне Алланың іңгені сендерге бір мұғжиза. Оны еркіне қойыңдар, Алланың жерінде оттасын. Оған бір сұмдық істемеңдер. Әйтпесе, сендерді жан түршігерлік азап қолға алады” деді.

    7:73
  3. وَاذْكُرُوا إِذْ جَعَلَكُمْ خُلَفَاءَ مِنْ بَعْدِ عَادٍ وَبَوَّأَكُمْ فِي الْأَرْضِ تَتَّخِذُونَ مِنْ سُهُولِهَا قُصُورًا وَتَنْحِتُونَ الْجِبَالَ بُيُوتًا ۖ فَاذْكُرُوا آلَاءَ اللَّهِ وَلَا تَعْثَوْا فِي الْأَرْضِ مُفْسِدِينَ

    (Еске алыңдар! Сол уақытта Ғаддан кейін сендерді олардың орынбасары қылып, жер жүзіне орналастырды. Ойпаттарынан сарайлар жасап алып, тауларды үңгіп үйлер жасайтын едіңдер. Сондықтан Алланың нығметтерін еске алыңдар да жер жүзінде бүліншілік қылып жүрмеңдер.

    7:74
  4. قَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا مِنْ قَوْمِهِ لِلَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا لِمَنْ آمَنَ مِنْهُمْ أَتَعْلَمُونَ أَنَّ صَالِحًا مُرْسَلٌ مِنْ رَبِّهِ ۚ قَالُوا إِنَّا بِمَا أُرْسِلَ بِهِ مُؤْمِنُونَ

    Елінің дандайсыған тобы, араларындағы иман келтіргендерді қор көріп: «Салихтың, Раббы тарапынан анық елші екенін білесіңдер ме?»,- деді. Олар: «Күдіксіз біз ол арқылы жіберілген нәрселерге сенеміз» деді.

    7:75
  5. قَالَ الَّذِينَ اسْتَكْبَرُوا إِنَّا بِالَّذِي آمَنْتُمْ بِهِ كَافِرُونَ

    Дандайсығандар: «Күдіксіз біз сендер сенген нәрселерге қарсымыз» деді.

    7:76
  6. فَعَقَرُوا النَّاقَةَ وَعَتَوْا عَنْ أَمْرِ رَبِّهِمْ وَقَالُوا يَا صَالِحُ ائْتِنَا بِمَا تَعِدُنَا إِنْ كُنْتَ مِنَ الْمُرْسَلِينَ

    Сондай олар іңгенді өлтіріп, Раббыларының әмірінен шықты да: «Әй Салих! Егер сен елшілерден болсаң, бізге бопсалағаныңды келтір» деді.

    7:77

Аударма: Халифа Алтай