Сүре 80 Абәсә (Томсыраю), аят 33 – 42
-
فَإِذَا جَاءَتِ الصَّاخَّةُ
Ал енді қатты дауыс келген сәтте;
80:33 -
يَوْمَ يَفِرُّ الْمَرْءُ مِنْ أَخِيهِ
Сол күні,кісі туысынан қашады;
80:34 -
وَأُمِّهِ وَأَبِيهِ
Шешесінен,әкесінен
80:35 -
وَصَاحِبَتِهِ وَبَنِيهِ
Әйелінен және балаларынан.
80:36 -
لِكُلِّ امْرِئٍ مِنْهُمْ يَوْمَئِذٍ شَأْنٌ يُغْنِيهِ
Ол күні әркімнің ісі ауыр.(Әркім өз халымен әлек.)
80:37 -
وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ مُسْفِرَةٌ
Ол күні кейбір жүздер,жарқырайды,
80:38 -
ضَاحِكَةٌ مُسْتَبْشِرَةٌ
Күлген қуанышты.
80:39 -
وَوُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ عَلَيْهَا غَبَرَةٌ
Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады;
80:40 -
تَرْهَقُهَا قَتَرَةٌ
Оны қара түнек қаптаған болады.
80:41 -
أُولَٰئِكَ هُمُ الْكَفَرَةُ الْفَجَرَةُ
Міне солар,қарсы келген бұзақылар.
80:42
Аударма: Халифа Алтай