Сүре 85 әл-Буруж (Жұлдыздар тобы)
-
وَالسَّمَاءِ ذَاتِ الْبُرُوجِ
Жұлдызды аспанға ант,
85:1 -
وَالْيَوْمِ الْمَوْعُودِ
Уәделі күнге,
85:2 -
وَشَاهِدٍ وَمَشْهُودٍ
Куәлік берушіге куәлік берілгенге серт.
85:3 -
قُتِلَ أَصْحَابُ الْأُخْدُودِ
Жер ошақшылардың жаны шықсын!
85:4 -
النَّارِ ذَاتِ الْوَقُودِ
Отынмен жанған от.
85:5 -
إِذْ هُمْ عَلَيْهَا قُعُودٌ
Ол уақытта олар оның маңында отырған;
85:6 -
وَهُمْ عَلَىٰ مَا يَفْعَلُونَ بِالْمُؤْمِنِينَ شُهُودٌ
Олар,мүміндерге істегендерін көрген.
85:7 -
وَمَا نَقَمُوا مِنْهُمْ إِلَّا أَنْ يُؤْمِنُوا بِاللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ
Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем,мақтаулы Аллаға сенулреі ғана еді. (Бір дәуірдегі кәпір патша,Мұсылмандарды ор қазып ішіне,жаққан отқа салады екен.Б.М. басқа рауаяттар да бар.)
85:8 -
الَّذِي لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدٌ
Ол сондай Алла,аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла.әр нәрсені көруші.
85:9 -
إِنَّ الَّذِينَ فَتَنُوا الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ ثُمَّ لَمْ يَتُوبُوا فَلَهُمْ عَذَابُ جَهَنَّمَ وَلَهُمْ عَذَابُ الْحَرِيقِ
Негізінде мүмін ерлер,мүмін әйелдерге жапа беріп.сосын тәубе қылмағандар,оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар.
85:10 -
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُمْ جَنَّاتٌ تَجْرِي مِنْ تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۚ ذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْكَبِيرُ
Негізінен иман келтіріп,ізгі іс істегендер,оларға астарынан өзендер ағатын бейіштер бар. Осы,зор мұратқа жетушілік.
85:11 -
إِنَّ بَطْشَ رَبِّكَ لَشَدِيدٌ
Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты.
85:12 -
إِنَّهُ هُوَ يُبْدِئُ وَيُعِيدُ
Өйткені Ол,бастапта жаратып,әрі қайта тірілтеді.
85:13 -
وَهُوَ الْغَفُورُ الْوَدُودُ
Ол,тым жарылқаушы,өте сүюші.
85:14 -
ذُو الْعَرْشِ الْمَجِيدُ
Ғаршының иесі,аса ұлы.
85:15 -
فَعَّالٌ لِمَا يُرِيدُ
Ол,қалағанын бұлжытпай істеуші.
85:16 -
هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ الْجُنُودِ
(Мұхаммед Ғ.С) саған ләшкерлердің хабары келді ме?
85:17 -
فِرْعَوْنَ وَثَمُودَ
Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің ?
85:18 -
بَلِ الَّذِينَ كَفَرُوا فِي تَكْذِيبٍ
Дегенмен қарсы болғандар,өтіріксінуде.
85:19 -
وَاللَّهُ مِنْ وَرَائِهِمْ مُحِيطٌ
Аллаа,оларды сырттай орап алған.
85:20
Аударма: Халифа Алтай